Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 89 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 6-тармақтың екінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Болат құбырлардың жекелеген түрлерінің импортын автоматты түрде лицензиялау (бақылау) туралы" 2019 жылғы 4 маусымдағы № 90 шешіміне сәйкес оларға қатысты импортты автоматты түрде лицензиялау (бақылау) енгізілген тауарлар, егер олар осы тармақтың екінші абзацында санамалап көрсетілген шарттарға қосымша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне № 2 қосымшаға сәйкес бір кодпен белгіленуге жатқызылатын болса, бір тауар ретінде декларацияланады.";

      б) 15-тармақтың 31-тармақшасының соңғы абзацының алдындағы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Болат құбырлардың жекелеген түрлерінің импортын автоматты түрде лицензиялау (бақылау) туралы" 2019 жылғы 4 маусымдағы № 90 шешіміне сәйкес оларға қатысты импортты автоматты түрде лицензиялау (бақылау) енгізілген және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты графаның осы кіші бөлімінде кодпен белгіленімі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне № 2 қосымшаға сәйкес бос орынсыз көрсетіледі".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады