Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019 жылға және 2020 – 2022 жылдар кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 107 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019 жылға және 2020 – 2022 жылдар кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 107 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019 жылға және 2020 – 2022 жылдар кезеңіне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ресми болжамдарын дайындауға арналған болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері


Өлшем бірлігі

Болжам

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының аралық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің теңдігі бойынша есептеме)

алдыңғы жылға пайызбен

3,2 - 3,7

3,3 - 3,7

3,5 - 3,8

3,5 - 3,8

2. Brent маркалы мұнайға баға болжамдарының аралық сандық мәндері

бір баррельге АҚШ доллары

55,0 - 70,0

55,0 - 75,0

55,0 - 80,0

55,0 - 80,0







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады