Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 9 шілдедегі № 112 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы "Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістер енгізу туралы" № 32 шешімін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) 2020 жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімді қоса алғанда қабылданған, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 32 шешімімен өзгерістер енгізілген парфюмериялық-косметикалық өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 009/2011) (бұдан әрі – техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады;

      б) 2020 жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімді қоса алғанда берілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 32 шешімімен өзгерістер енгізілген парфюмериялық-косметикалық өнімнің техникалық регламентпен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар 2023 жылғы 5 мамырды қоса алғанға дейін жарамды болады;

      в) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін рұқсат етіледі;

      г) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданысы кезеңінде айналымға шығарылған, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналымына осы өнімнің дайындаушысы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 6 мамырдан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады