Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 9 шілдедегі № 114 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 4 және 37-тармақтарына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 шешіміне №15 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 5-тармақ екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар әуе, су кемелерінің борт жабдығының құрамына енгізілген;";

      б) 9-тармақтың "в") тармақшасында:

      "әуе, теңіз (өзен) кемелерінің борт жабдығының құрамында, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады