Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 118 шешімі

      Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Ресей Федерациясының аумағында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде тамақ өніміне қойылатын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде (Кеден одағының техникалық регламенттерінде) қамтылған талаптарға қатысты қосымша талаптар қою бөлігінде орындау мониторингі нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясына Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) техникалық реттеу объектісі болып табылатын тамақ өнімін тасымалдау (тасу) процесіне қойылатын талаптар бөлігінде "Сауданы ұйымдастыруға және ондағы азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің айналысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" СҚ 2.3.6.1066-01 санитариялық талаптарын қолдану кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабының 2 және 3-тармақтарын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады