Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 119 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібінің ІІІ бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) он жетінші абзац алып тасталсын;

      б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен қабылданған "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013):

      "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) (бұдан әрі – сүт өнімі) Кеден одағының техникалық регламентінің техникалық реттеу нысанасы болып табылатын өнімдерге қатысты 2017 жылғы 12 тамызға дейін берілген немесе қабылданған Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2022 жылғы 12 тамыздан аспай, жарамды болады.

      Бұрын Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды 2017 жылғы 12 тамыздан бастап беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау туралы осы бөлімнің жиырма тоғызыншы абзацында көрсетілген құжаттар болған кезде Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес сүт өнімдерінің өндірісі мен айналымға жіберілуіне 2022 жылғы 12 тамызға дейін жол беріледі.

      Көрсетілген өнім Қырғыз Республикасының ұлттық белгісімен таңбаланады. Мұндай өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында айналымның бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді;

      2017 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпаған сүт өнімдерін сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен таңбаламастан Қырғыз Республикасының аумағында өндіруге және айналымға жіберуге 2018 жылғы 12 тамызға дейін жол беріледі;

      осы бөлімнің жиырма тоғызыншы абзацында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуы кезеңінде айналымға шығарылған сүт өнімдерінің, сондай-ақ осы бөлімнің отыз үшінші абзацында көрсетілген сүт өнімдерінің айналымына Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық мерзімі барысында жол беріледі.".

      2. Қырғыз Республикасының Үкіметінен:

      осы Шешім күшіне енген күннен бастап уәкілетті органдардың айналымға шығарылған өнімдерге Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

      2022 жылғы 12 тамызға дейін Қырғыз Республикасының сүт өнімдері саласындағы кәсіпорындарының Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес сүт өнімдерін айналымға шығаруға сөзсіз өтуін көздейтін іс-шаралар кешенін жүргізуді қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К. Минасян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады