Жануарларды бірдейлендіру құралдарының сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 157 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 58-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды бірдейлендіру құралдарының сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.

      2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      оператордың сыныптауышқа қатысты функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссия орындайды;

      ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану аясында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 157 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жануарларды бірдейлендіру құралдарының сыныптауышы

I. Сыныптауыштан ізеуірттелген мәліметтер

Жануарларды бірдейлендіру құралы түрінің коды

Жануарларды бірдейлендіру құралының коды

Атауы

01

визуалды құралдар


0101

аспалы сырға


0102

сақина


0103

мойын жіп


0104

таңба басу


0105

татуировка


0199

басқа

02

электронды құралдар


0201

микрочипі бар аспалы сырға (белгі)


0202

болюс


0203

екпе микрочип


0299

басқа

03

аралас құралдар


0301

микрочипі бар және адам оқи алатын сыныптауышы бар аспалы сырға


0302

микрочипі бар және машинамен оқылатын сыныптауышы бар аспалы сырға


0303

микрочипі бар және машинамен оқылатын және адам оқи алатын сыныптауышы бар аспалы сырға


0399

басқа

04

басқа құралдар


0499

басқа құрал (визуалды, электронды, аралас құралдарды қоспағанда)

II. Сыныптауыштың паспорты

р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

056

2

Типі

2 – сыныптауыш

3

Атауы

жануарларды бірдейлендіру құралдарының сыныптауышы

4

Аббревиатурасы

ЖБҚС

5

Белгіленімі

ЕО 056-2019 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 157 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

2019 жылғы 19 қазан

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректермелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

жануарларды бірдейлендіру құралдары туралы мәліметтерді жүйелендіруге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13

Кілт сөздер

жануарларды бірдейлендіру, бірдейлендіру құралдары

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала

ветеринариялық-санитариялық шаралар

15

Халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштарды пайдалану

2 – сыныптауыштың халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) баламалары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтары (сыныптауыштары) бар болуы

2 – сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ

17

Жүйелендіру (сыныптау) әдісі

1 – жүйелендірудің (сыныптаудың) иерархиялық әдісі, сатылар (деңгейлер) саны – 1

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Сыныптауыштың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мән алып тасталған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияның сыныптауыштағы жазбаның қолданысы аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, анықтамалықтың жазбасы алынып тасталған күннен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Сыныптауыштың кодтары бірегей болып табылады, сыныптауыштың кодтарын, оның ішінде қолданылмайтындарын қайталап пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат (жолақтардың құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру ережесі) осы құжаттың III бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

сыныптауыштан алынған мәліметтер ашық қол жетімді ақпаратқа жатқызылады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) ізеуірттелген мәліметтерге сілтеме

сыныптауыштан ізеуірттелген мәліметтер осы құжаттың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы

      1. Бұл бөлім сыныптауыштың құрылымын және деректемелер құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласы мен оларды қалыптастыру ережесін айқындайды.

      2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелер құрамы мына жолақтар (бағандар) қалыптасатын кестеде келтірілген.

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) ережесін айқындайтын мәтін, немесе деректеменің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;

      "көп." – деректеменің көптігі (деректеменің ықтимал қайталану міндеттілігі (опциялығы) және саны).

      3. Берілетін деректегі деректеменің көптігін көрсету үшін мынадай белгілеулер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталана алады;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;

      0..m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталана алады (m > 1).

      Кесте

Сыныптауыштың құрылымы және деректемелер құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі

Көп.

1. Жануарларды бірдейлендіру құралының түрі туралы мәлімет

салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1..*

1.1. Жануарларды бірдейлендіру құралы түрінің коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[0-9]{2}

кодтық белгілеу кодтаудың реттік әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады

1

1.2. Атауы

нормаланған символдар жолы.
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 120

бірдейлендіру құралы түрінің атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Жануарларды бірдейлендіру құралы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1..*

1.3.1. Жануарларды бірдейлендіру құралының коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[0-9]{4}

кодтық белгілеу кодтаудың реттік әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады

1

1.3.2. Атауы

нормаланған символдар жолы.
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 1000

бірдейлендіру құралы түрінің атауы орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3.3. Сыныптауыштың жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1

*.1. Қолданысы басталған күні

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталған күнге сәйкес келеді

1

*.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1

*.2.1. актінің түрі

нормаланған символдар жолы:
Шаблон: \d{5}

актіні халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгілеу

1

*.2.2. актінің нөмірі

символдар жолы мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

*.3. Қолданысының аяқталу күні

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолдануысының аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

*.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

0..1

*.4.1. Актінің түрі

нормаланған символдар жолы:
Шаблон: \9{5}

актіні халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгілеу

1

*.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады