Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарауды тоқтату туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 164 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама) 10-тармағының 3-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес "ЕвразХолдинг" жауапкершілігі шектеулі қоғамының (ССН 7701225358, Ресей Федерациясы, 121353, Мәскеу қ., Беловежская көш., 4, "В" блогы), "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" акционерлік қоғамының (ССН 6623000680, Ресей Федерациясы, 622025, Свердлов облысы, Нижний Тагил қ., Металлургтер көш., 1-үй), "Выкса металлургия зауыты" акционерлік қоғамының (ССН 5247004695, Ресей Федерациясы, 607060, Нижегород обл., Выкса қ., Бр. Баташевых көш., 45-үй) және "Біріккен металлургия компаниясы" акционерлік қоғамының (ССН 7736030085, Ресей Федерациясы, 115184, Мәскеу қ., Озерковская набережная, 28-үй, 2-құр.) тұтас илемделген доңғалақтарға әртүрлі бағаны негізсіз белгілеуден және олардың тұтынушылары үшін кемсіту жағдайларын тудырудан көрінген әрекеттерінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 76-бабы 1-тармағының бұзылуы белгілері бойынша трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарады.

      Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2019 жылғы 18 сәуірде Комиссияның Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры, істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы А.Г. Сушкевич:

      істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:

      Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиевтың;

      Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Б. Т. Иманбектің;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу құзыретіне кіретін, Комиссиямен өзара іс-қимыл үшін жауапты мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер, уәкілетті органдар):

      Федералдық монополияға қарсы қызметтің Өнеркәсіпті бақылау басқармасының металлургия және кен-шикізат кешені бөлімінің бастығы А.А. Коновцевтің;

      Федералдық монополияға қарсы қызметтің Өнеркәсіпті бақылау басқармасы бастығының орынбасары Д.С.Чуклиновтың;

      Федералдық монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының ТМД елдерімен экономикалық интеграция бөлімінің консультанты А.А.Шемякинаның;

      жауапкерлердің (олардың өкілдерінің):

      2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 77АВ9660360 сенімхат бойынша "ЕвразХолдинг" ЖШҚ және 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 77АВ9660361 сенімхат бойынша "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ өкілі Ю.А.Тормагованың;

      2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2000-Д-27/19 сенімхат бойынша "Выкса металлургия зауыты" АҚ және 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1200-Д-2/19 сенімхат бойынша "Біріккен металлургия компаниясы" АҚ өкілі Н.Н.Вознесенскийдің;

      2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 2000-Д-850/18 сенімхат бойынша "Выкса металлургия зауыты" АҚ өкілі А.В.Шихановичтің қатысуымен істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады.

      Комиссия Украинада шығарылатын тұтас илемделген болат доңғалақтарға қатысты демпингке қарсы шаралардың Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікке әсерінің салдарына бағалау жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ 2016 жылдың қорытындылары бойынша өсім туралы және 2017 жылғы қаңтардан бастап тұтас илемделген болат доңғалақтар құнының жоспарланып отырған артуы туралы тұтас илемделген болат доңғалақтарды тұтынушылардың ақпаратын зерделегеннен кейін бір тұлғалар тобына кіретін "ЕвразХолдинг" ЖШҚ мен "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның (бұдан әрі – "Евраз" тұлғалар тобы) және "Выкса металлургия зауыты" АҚ-ның өздерінің үстем жағдайын теріс пайдалануының ықтимал белгілерін таныды.

      Хаттаманың 10-тармағының 1-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) сәйкес Комиссия тұтас илемделген болат доңғалақтардың трансшекаралық тауар нарықтарында Шарттың 76-бабы 1-тармағының бұзылуы белгілерінің анықталуына байланысты 2017 жылғы 21 наурызда нарық субъектісі – "Евраз" тұлғалар тобы мен "Выкса металлургия зауыты" АҚ қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына бастамашыл тергеп-тексеру жүргізу туралы ұйғарым шығарды.

      Уәкілетті органдар (Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Монополияға қарсы реттеу мемлекеттік агенттігі, Федералдық монополияға қарсы қызмет) Комиссияға трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу кезінде Комиссиямен өзара іс-қимылға жауапты қызметкерлердің кандидатуралары туралы ұсыныстар берді.

      Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағына сәйкес трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы немесе болмауы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіздігіне, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы 2017 жылғы 1 қыркүйектегі ұйғарымға байланысты Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу мерзімдерін 60 жұмыс күніне ұзартты.

      Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің мән-жайын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес тергеп-тексеру барысында Департамент жеке және заңды тұлғалардан, мүше мемлекеттердің органдарынан тексеру жүргізу үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді жазбаша нысанда сұратты.

      Жүргізілген тергеп-тексерудің, сондай-ақ тиісті талдау есебінде ұсынылған тұтас илемделген болат доңғалақтардың трансшекаралық нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың нәтижелері бойынша Комиссия 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде тұтас илемделген болат доңғалақтардың Одақ аумағында:

      2 маркалы болаттан жасалған илемдеу шеңбері бойынша диаметрі 957 мм және күпшегінің диаметрі 175 мм (бұдан әрі – 957 нөмірлі доңғалақ) – Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында сатылғанын алдын ала анықтады, онда үстем жағдайды иеленетін нарық субъектілері анықталды: "Евраз" тұлғалар тобы мен "Выкса металлургия зауыты" АҚ және бір тұлғалар тобына кіретін "Біріккен металлургия компаниясы" АҚ (бұдан әрі – БМК тұлғалар тобы);

      2 маркалы болаттан жасалған илемдеу шеңбері бойынша диаметрі 710 мм және күпшегінің диаметрі 145 мм (бұдан әрі – 710 нөмірлі доңғалақ) – Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында, онда үстем жағдайды иеленетін нарық субъектілері анықталды: "Евраз" тұлғалар тобы және БМК тұлғалар тобы;

      Т маркалы болаттан жасалған илемдеу шеңбері бойынша диаметрі 1050 мм және күпшегінің диаметрі 248 мм (бұдан әрі – 1050 нөмірлі доңғалақ) – Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында, онда нарық субъектісі анықталды: "Евраз" тұлғалар тобы.

      Хаттаманың 2-тармағының 5-тармақшасында айқындалған белгілерге байланысты "ЕвразХолдинг" ЖШҚ мен "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ бір тұлғалар тобына кіреді ("Евраз" тұлғалар тобы), "Выкса металлургия зауыты" АҚ мен "Біріккен металлургия компаниясы" АҚ да бір тұлғалар тобына (БМК тұлғалар тобы) кіреді.

      Бәсекелестіктің мән-жайын бағалау әдістемесінің 11 – 22-тармақтарына сәйкес тұтас илемделген болат доңғалақтар тауар нарықтарының өнімдік шекараларын белгілеу кезінде күпшек тесігінің диаметрі әртүрлі және әртүрлі болат маркасын иемденетін илемдеу диаметрі әртүрлі доңғалақтардың әртүрлі тауар нарықтарында айналымда болатыны және бірін-бірі алмастырмайтыны алдын ала анықталды.

      957, 710 және 1050 нөмірлі доңғалақтардың тауар нарықтары трансшекаралық болып табылады, өйткені тауар жеткізілімдерінің географиялық құрылымы екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумағын қамтиды.

      Тұтас илемделген болат доңғалақтардың сатылу бағаларын алдын ала салыстыру 1050 нөмірлі доңғалақтардың Қазақстан Республикасының тұтынушыларына Ресей Федерациясындағы тұтынушыларға сатылатын осындай доңғалақтардың құнынан айтарлықтай асатын құн бойынша сатылатынын, ал 957 нөмірлі доңғалақтар мен 710 нөмірлі доңғалақтардың Беларусь Республикасындағы тұтынушыларға және Ресей Федерациясындағы тұтынушыларға әртүрлі бағалардың белгіленуімен сатылатынын көрсетті.

      Бұл жағдайлар өндірушілердің тұтас илемделген болат доңғалақтарға әртүрлі бағаны негізсіз белгілеуінен және олардың тұтынушылары үшін кемсіту жағдайларын тудырудан көрінетін үстем жағдайды теріс пайдаланудың ықтимал белгілерінің бар екені туралы куәландырады.

      2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде тұтас илемделген болат доңғалақтарға экономикалық, технологиялық немесе өзге де түрде әртүрлі бағаны негізсіз белгілеуден және олардың тұтынушылары үшін кемсіту жағдайларын тудырудан көрінетін нарық субъектілерінің ("Евраз" тұлғалар тобы және БМК тұлғалар тобы) әрекеттерінде Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзу белгілерінің болуына байланысты жүргізілген тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша, Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Істерді қарау тәртібіне сәйкес Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғау және оны қарау туралы 2017 жылғы 27 қарашадағы ұйғарымымен іс қозғады және істі қарау жөніндегі комиссияны құрды.

      Тұтас илемделген болат доңғалақтардың бірін-бірі алмастыратыны туралы мәселелерді нақтылау мақсатында сараптама тағайындалды және сараптамалық қорытындылар алу үшін мүше мемлекеттердің ғылыми ұйымдарына сұрау салулар жіберілді (Комиссияның 2017 жылғы 18 желтоқсандағы № 22-510 хаты), сондай-ақ уәкілетті органдарға жеке процестік іс-әрекеттер жүргізу туралы, соның ішінде тұтас илемделген болат доңғалақтардың бірін-бірі алмастырғыштығы мәселесі бойынша сараптама жүргізу туралы 2017 жылғы 18 желтоқсандағы № МА-3060/22 уәжді ұсыным жіберілді. Істерді қарау тәртібіне сәйкес 2017 жылғы 13 желтоқсандағы ұйғарыммен сараптама тағайындалды және оны жүргізу мерзіміне істі қарау тоқтатыла тұрды.

      2018 жылғы 19 қарашадағы ұйғарыммен уәкілетті органдар ақпаратының және мүше мемлекеттердің ғылыми ұйымдары сараптау бағаларының алынуына байланысты істі қарау жаңғыртылды.

      Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес әртүрлі диаметрдегі тұтас илемделген болат доңғалақтар өзара алмастырғыштар болып табылмайды. Күпшек тесігінің диаметрі 175 мм доңғалақтар күпшек тесігінің диаметрі 195 мм доңғалақтарды алмастыра алмайды, өйткені күпшек тесігінің диаметрі 175 мм доңғалақтар кіші диаметрлі күпшек асты бөлігінің осін баспақтауға арналған және доңғалақ күпшегі тесігінің үлкен диаметрі жағдайында доңғалақты оське баспақтауды қамтамасыз ету мүмкін емес. Жүк вагондарының доңғалақ жұптарына арналған әртүрлі маркалы болаттан жасалып тұтас илемделген болат доңғалақтар өзара алмастырғыштар болып табылады. МЕМСТ сәйкес әртүрлі параметрдегі тұтас илемделген доңғалақтар олардың жылжымалы құрамның нақты түрі үшін қолданылатыны ескеріле отырып қана бірін-бірі алмастыруы мүмкін (Комиссияға 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 14377 кіріс хат).

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес әртүрлі өнім берушілердің бір маркалы болатынан бір ғана чертеж бойынша дайындалған доңғалақтар осы доңғалақтардың доңғалақ жұбына арналған конструкторлық құжаттамасына енгізілуі жағдайында бірін-бірі алмастыруы мүмкін. Доңғалақтар жұбындағы екінші доңғалақ диаметрінің бірінші доңғалақ диаметрінен 0,5 мм астам шамаға өзгешеленбеуі шартымен кіші диаметрдегі осындай доңғалақтарды тозуға жол берілімдік шегінде қолдануға рұқсат етіледі. Жылжымалы құрам доңғалақтарының әрбір түрінің бірін-бірі алмастыру мүмкіндігі стандарттардың талаптарымен және жылжымалы құрамның доңғалақ жұбына арналған конструкторлық құжаттамасымен айқындалады (Комиссияға 2018 жылғы 6 наурыздағы № 3294 кіріс хат).

      Федералдық монополияға қарсы қызмет ұсынған ақпаратқа сәйкес 957, 710 және 1050 нөмірлі доңғалақтардың тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілген жоқ, бұл ретте 790 мм және 860 мм илемдеу шеңбері бойынша тұтас илемделген болат доңғалақтардың тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілгені хабарланды, оның нәтижелері мемлекеттік органның "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтына орналастырылған (Комиссияға 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1771 кіріс хат).

      Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (Комиссияға 2018 жылғы 16 қарашадағы № 18537 кіріс хат) және Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Монополияға қарсы реттеу мемлекеттік агенттігі (Комиссияға 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 44 кіріс хат) ұсынған ақпаратқа сәйкес Армения Республикасында және Қырғыз Республикасында тұтас илемделген болат доңғалақтар жасалмайды.

      "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы ұсынған ақпаратқа сәйкес күпшек тесігінің диаметрі әртүрлі тұтас илемделген болат доңғалақтар өзара алмастырғыштар болып табылмайды. Әртүрлі маркадағы болаттан дайындалған тұтас илемделген болат доңғалақтар өзара алмастырғыштар болып табылмайды. Әртүрлі дәлдік сыныбындағы болаттан дайындалған тұтас илемделген болат доңғалақтар өзара алмастырғыштар болып табылмайды. Ультрадыбыстық бақылау кезінде айқындалатын әртүрлі деңгейде жол берілетін ішкі ақаулары және болаттың металл емес енгізілімдерімен ластануы бар тұтас илемделген болат доңғалақтар өзара алмастырғыштар болып табылмайды (Комиссияға 2018 жылғы 16 қарашадағы № 18536 кіріс хат).

      "Федералдық темір жол көлігінде сертификаттау тіркелімі" федералдық бюджет мекемесі ұсынған ақпаратқа сәйкес жалпы жағдайда доңғалақтар барлық позициялар (957, 710 және 1050 нөмірлі доңғалақтар) бойынша өзара алмастырғыштар болып табылмайды. "Өзара алмастырғыштық" ұғымы доңғалақтарды әртүрлі өндіруші-зауыттар бірдей сипаттамалармен дайындаған жағдайда ғана қолданылады (Комиссияға 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 959 кіріс хат).

      Армения Ұлттық политехникалық университеті (Комиссияға 2018 жылғы 7 ақпандағы № 1796 кіріс хат), Белоруссия мемлекеттік көлік университеті (Комиссияға 2018 жылғы 22 маусымдағы № 9915 кіріс хат), И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Комиссияға 2018 жылғы 6 наурыздағы № 3329 кіріс хат), Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Комиссияға 2018 жылғы 26 маусымдағы № 10120 кіріс хат) және М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (Комиссияға 2018 жылғы 16 қарашадағы № 18551 кіріс хат) ұсынған ақпаратқа сәйкес бұл ұйымдардың сарапта жүргізу үшін қажетті тиісті ғылыми-техникалық базасы жоқ.

      Істерді қарау тәртібіне сәйкес істерді қарауға қатысқан тұлғалар тыңдалды (2017 жылғы 13 желтоқсан, 2018 жылғы 19 қараша және 21 желтоқсан, 2019 жылғы 6 ақпан, 14 наурыз, 8 және 18 сәуір), келіп түскен ұсынымдар қаралып, талқыланды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды, олар істерді қарау жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамаларында көрсетілді, дәлелдемелер зерттелді, істі қарауға қатысқан тұлғалардың іске қатысқан басқа тұлғалар ұсынған дәлелдемелерге қатысты пікірлері мен түсіндірмелері тыңдалды.

      Нарық субъектісі – БМК тұлғалар тобының ақпаратына және БМК тұлғалар тобы өкілдерінің істі қарау барысында берілген түсіндірмелеріне сәйкес 2016 жылғы қаңтар – қараша аралығындағы кезеңде "Выкса металлургия зауыты" акционерлік қоғамы өндірген доңғалақтарды сатуды агенттік шарттың негізінде "БМК-Сталь" акционерлік қоғамы жүзеге асырды. 2016 жылғы желтоқсанда "БМК-Сталь" акционерлік қоғамы өзінің "Выкса металлургия зауыты" АҚ-ға қосылуы нысанындағы қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде өз қызметін тоқтатты. 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде БМК тұлғалар тобы екі және одан да көп мүше мемлекеттің аумағында 957 нөмірлі доңғалақтарды сатты. Тұтас илемделген болат доңғалақты сатудың түпкілікті бағасы баға конъюнктурасына, қуаттар жүктемесіне байланысты жағдайға, шарт мерзіміне, ақы төлеу шарттарына және өзге де факторларға байланысты ("Біріккен металлургия компаниясы" АҚ-ның Комиссияға: 2018 жылғы 21 наурыздағы № 4078 құпия кіріс және 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 20579құпия кіріс хаттары). 957 нөмірлі доңғалақтарға бағаның қалыптасуы осы өнімге деген сұранысқа және өзге де факторларға (сатып алынатын өнім көлемі, сатып алу кезеңділігі, шарттың ұзақ мерзімділігі, жеткізу шарттары және т.б.) байланысты, оның ішінде үлесіне "Выкса металлургия зауыты" АҚ өндіретін өнімді сатып алу көлімінің 50-ден 60 дейінгі пайызы келетін аса ірі сатып алушылардың болуы ескеріледі ("Выкса металлургия зауыты" АҚ-ның Комиссияға 2018 жылғы 21 наурыздағы № 4076құпия кіріс хаты).

      Нарық субъектісі – "Евраз" тұлғалар тобының ақпаратына және "Евраз" тұлғалар тобы өкілдерінің істі қарау барысында берілген түсіндірмелеріне сәйкес "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарында 957 нөмірлі доңғалақтарды және 710 нөмірлі доңғалақтарды сатты. "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ тауарға баға қалыптастырмайды және белгілемейді. "ЕвразХолдинг" сауда компаниясы" жауапкершілігі шектеулі қоғамы тұтас илемделген болат доңғалақтарға баға белгілейді және оларды "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтқа орналастырады. Өндірілетін тауарды өткізу функциясын "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-мен жасалған комиссия шарттарының негізінде "ЕвразХолдинг" сауда компаниясы" ЖШҚ жүзеге асырады ("Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның Комиссияға 2018 жылғы 28 ақпандағы № 2956 кіріс хаты). "ЕвразХолдинг" сауда компаниясы" ЖШҚ өнімге баға қалыптастыру кезінде әділеттілік, кемсітусіз баға белгілеу қағидаттарын басшылыққа алады және баға белгілеуге әсер ететін әртүрлі факторларды, сондай-ақ өнімге келісімшарт жасасу сәтіндегі нарықтық жағдайды ескереді. Сатып алушылардың әртекті құрамы және тұтас илемделген болат доңғалақтарды жеткізу ерекшеліктері жеткізудің түпкі бағасына әсер етеді ("ЕвразХолдинг" сауда компаниясы" ЖШҚ-ның Комиссияға 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1557 кіріс хаты).

      "Евраз" тұлғалар тобы 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде МЕМСТ толық сәйкес келетін 1050 нөмірлі доңғалақтарды тұтынушыларға жеткізуді Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүзеге асырды. Локомотивтің магистралдық темір жолдарға шығуына тыйым салынатын конструкциялық ауытқулары бар кондициялық емес 1050 нөмірлі доңғалақтар (яғни бракталған доңғалақтар) 2016 жылы қатаң түрде зауыт ішінің жолдарында пайдалану үшін Ресей Федерациясының аумағындағы тұтынушыға жеткізілді ("Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның Комиссияға 2018 жылғы 26 наурыздағы № 4461 кіріс хаты). Доңғалақтар өндіру және сақтау кезінде жол берілген бұзушылықтарға байланысты өндірістің соңғы кезеңінде – шығыс бақылауы желісінде брак деп танылады. Жалпы пайдаланымдағы магистралдық желілерде пайдалануға жол берілмейтін ақаулар (ауытқулар) ескеріле отырып, доңғалақтар МЕМСТ сәйкес кәсіпорында жұмыс істейтін қабылдауға жатпайды және кондициялық емес болып табылады. Мұндай доңғалақтар техникалық келісімде көзделген жекелеген мөлшерлерге, нысандарға, элементтерге сәйкес келмейді, әртүрлі балқымалардан қалыптастырылады, міндетті сертификаттау талаптарына (сынақтарға, МЕМСТ сәйкестіктің барлық сипаттамаларына тексеруге) сәйкес келмейді, кондициялық емес доңғалақтар өте төмен жылдамдықтағы (0 – 10 км/сағ) жеткізу арбашаларына пайдаланылуы мүмкін.

      Кондициялық емес доңғалақтардың зауыттық брагын жою техникалық жағынан мүмкін емес. Өнімді кешенді тексеру мен тестілеу нәтижелері бойынша берілетін өндірушінің сапа сертификатынсыз доңғалақтарды Одақ аумағындағы жалпы магистралдық жолдарда пайдалануға тыйым салынады ("Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның Комиссияға: 2018 жылғы 23 мамырдағы №8208құпия кіріс және 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10365құпия кіріс хаттары).

      Істерді қарау тәртібіне сәйкес іс бойынша дәлелдемелерді зерттеуден, істі қарауға қатысушы адамдардың пікірін баяндаудан, зерттелетін мән-жайлар туралы мәліметтері бар адамдардан сұрау жүргізілгеннен кейін мыналар белгіленді:

      2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде Одақ аумағында:

      Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында – 957 нөмірлі доңғалақтар сатылды, онда үстем жағдайды иеленетін нарық субъектілері анықталды: БМК тұлғалар тобы және "Интерпайп-М" жауапкершілігі шектеулі қоғамы;

      Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында – 710 нөмірлі доңғалақтар, онда үстем жағдайды иеленетін нарық субъектісі анықталды, – "Евраз" тұлғалар тобы.

      Тұтас илемделген болат доңғалақтарды жеткізу шарттарын талдау және сату бағаларын салыстыру бір дана доңғалақты сатудың түпкі бағасы (ҚҚС-сыз және көлік шығыстарын есептемей) қосымша факторларға (сатып алушылар құрамына, тауарды сатып алу тәсіліне (мысалы, ашық конкурстық рәсімдер өткізу), тауар көлеміне, жеткізу кезеңіне, ақы төлеу тәсіліне және т.б.) байланысты қалыптасатын шамалы айырманы иеленуі мүмкін. 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде Одақ аумағында БМК тұлғалар тобының 957 нөмірлі доңғалақтарды сатуға әртүрлі бағаларды және "Евраз" тұлғалар тобының 710 нөмірлі доңғалақтарды сатуға әртүрлі бағаларды негізсіз белгілеуін растайтын дәлелдемелер анықталмады.

      2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде Одақ аумағында БМК тұлғалар тобының 957 нөмірлі доңғалақтарды сатуы кезінде және "Евраз" тұлғалар тобының 710 нөмірлі доңғалақтарды сатуы кезінде мүше мемлекеттердің тұтынушылары үшін Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасымен тыйым салынған кемсіту жағдайларын қолданғанын растайтын дәлелдемелер анықталмады.

      Жеткізу шарттарын талдау және 1050 нөмірлі доңғалақтарды сату бағаларын салыстыру көрсетілген доңғалақтарды сату бағасындағы айырма 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасына экспорттауға арналған, бірақ сертификаттаудан өтпеген кондициялық емес доңғалақтардың сатылуымен түсіндіріледі ("Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның Комиссияға 2018 жылғы 26 наурыздағы № 4461 кіріс хаты). Кондициялық емес доңғалақтар партиясы Ресей Федерациясының аумағында өз өнімін шығару мақсатында кейіннен қайта балқыту үшін сатып алушыға металл сынығы ретінде сатылды (қаптамасыз және қосымша деректемесіз ақтара тиеліп жөнелтілді). Сатып алушы меншік не жалдау құқығында жылжымалы темір жол көлігін иеленбейді және темір жол көлігінің жылжымалы құрамын темір жол платформалары мен вагондарының доңғалақтарын ауыстыру бөлігінде жөндеуді жүзеге асырмайды ("Кушва прокаттық білікшелер зауыты" жабық акционерлік қоғамының Комиссияға 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 5416 кіріс хаты).

      Тұтас илемделген кондициялық емес доңғалақтардың конструкциялық және техникалық ауытқуларының сипаты туралы мәселені зерттеу және тұтас илемделген кондициялық және кондициялық емес доңғалақтар өзара алмастырыла ала ма деген мәселені шешу мақсатында Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында шаруашылық жүргізуші субъектілерге – тұтас илемделген болат доңғалақтарды тұтынушыларға сауалнама жүргізілді, сондай-ақ ғылыми ұйымдардан мынадай хаттар алынды:

      Белоруссия мемлекеттік көлік университеті ұсынған ақпаратқа сәйкес (Комиссияға 2018 жылғы 27 маусымдағы № 10194 кіріс хат) "кондиция емес" ұғымы өнімнің қолданыстағы нормативтер мен стандарттарды қанағаттандырмайтынын білдіреді. Осылайша, МЕМСТ 10791-2011 ережелерінің ең болмағанда біреуін қанағаттандырмайтын доңғалақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танылады;

      Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті ұсынған ақпаратқа сәйкес (Комиссияға 2018 жылғы 18 маусымдағы № 10118 кіріс хат) бұл ұйымда сараптама жүргізу үшін қажетті тиісті ғылыми-техникалық база жоқ.

      1050 нөмірлі доңғалақтар және 1050 нөмірлі кондициялық емес доңғалақтар оларды функционалдық пайдалануға әсер ететін техникалық сипаттамаларды, әртүрлі мақсатты және сатып алудың әртүрлі құнын иеленеді, әртүрлі тауар нарықтарында айналыста болады және өзара алмастырылатындар болып табылмайды. 1050 нөмірлі доңғалақтарды сату Қазақстан Республикасындағы тұтынушыға ғана жүзеге асырылды.

      Қазақстан Республикасының тұтынушыларына сатылатын 1050 нөмірлі доңғалақтар бағасының елеулі артуын растайтын дәлелдемелер анықталмады.

      Баяндалғандарды ескере отырып, Комиссия "ЕвразХолдинг" ЖШҚ-ның және "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның, "Выкса металлургия зауыты" АҚ-ның және "Біріккен металлургия компаниясы" АҚ-ның әрекеттерінде 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде тұтас илемделген болат доңғалақтарға экономикалық, технологиялық немесе өзге де түрде әртүрлі бағаны негізсіз белгілеуден және олардың тұтынушылары үшін кемсіту жағдайларын тудырудан көрінетін Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзушылықтың жоқтығы туралы қорытындыға келді.

      Шартқа № 19 қосымшаның 10-тармағының 3-тармақшасын, Істерді қарау тәртібінің 44-тармағын және 46-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

      1. "ЕвразХолдинг" ЖШҚ-ның және "Евраз Нижнетагил металлургия комбинаты" АҚ-ның, "Выкса металлургия зауыты" АҚ-ның және "Біріккен металлургия компаниясы" АҚ-ның әрекеттерінде 2016 жылғы қаңтар – 2017 жылғы маусым аралығында трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың болмауына байланысты олардың Шарттың 76-бабы 1-тармағының 6-тармақшасын бұзуы туралы істі қарау тоқтатылсын.

      2. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Одақтың Сотына шағым жасауға болады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады