Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 178 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилері электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" № 122 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) "а" тармақшасындағы "2019 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздер "2020 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) "в" тармақшасындағы "2019 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздер "2020 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қарашадан бастап пайда болатын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады