Жарық шығаратын диодты (LED) шамдардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 208 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 65С ескертпесімен толықтырылсын:

      "65С) Кедендік құнның 5% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 119 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2020 дейінгі аралықта қолданылады.";

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарлардың және жарық шығаратын диодты (LED) шамдарға қатысты осындай баж ставкалары мөлшерлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 208 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш. бірл.

8539 50 000 0

– жарық шығаратын диодты (LED) шамдар

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 208 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш. бірл.

8539 50 000

– жарық шығаратын диодты (LED) шамдар:


8539 50 000 1

– – құрамында люминофор бар композит жабынды, кем дегенде 24 дәйекті жалғанған төсемдегі жарық диодты шамдарды білдіретін жарық диодты жіптермен

дана

8539 50 000 2

– – диаметрі кем дегенде 25 мм тік түтік түріндегі екі цокольді

дана

8539 50 000 9

– – өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 208 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен)

8539 50 000 1

– – құрамында люминофор бар композит жабынды, кем дегенде 24 дәйекті жалғанған төсемдегі жарық диодты шамдарды білдіретін жарық диодты жіптермен

065С)

8539 50 000 2

– – диаметрі кем дегенде 25 мм тік түтік түріндегі екі цокольді

065С)

8539 50 000 9

– – өзгелері

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады