Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 230 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер анықтамалығы бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      Анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Анықтамалыққа қатысты оператор қызметін Еуразиялық экономикалық комиссия атқарады;

      Анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 230 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың ізеуірттелген мәліметтері

Өткізу туралы шешімнің коды

Өткізу туралы шешімнің атауы

00

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өткізу

10

Сәйкессіздік туралы хабарлама бере отырып Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өткізу

20

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығару

30

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығаруға тыйым салу

II. Анықтамалықтың паспорты

р/с

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

1031

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер анықтамалығы

4

Аббревиатура

КБША

5

Белгіленімі

ЕС 031- 2019 (ред. 1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 230 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 230 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын автомобиль көлік құралдарын өткізу немесе өткізуге тыйым салу (ұстау) туралы шешімдерді жүйелендіруге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады

13

Түйін сөздер

шешім, көлік құралын өткізу, көліктік (автомобильдік) бақылау

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

көлік және тасымалдау

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамаларының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік нөмірі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор анықтамалықтан өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мәні алып тасталған жағдайда анықтамалық жазбасы анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, соның ішінде қолданылмайтын кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымының сипаттамасы (өрістерінің құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде берілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қол жеткізу ақпаратына жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметтеріне сілтеме

анықтамалықтың ізеуірттелген мәліметтері осы анықтамалықтың І бөлімінде берілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, соның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (бағандар) қалыптастырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілігі (опциондылығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен аспайтындай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен аспайтындай қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Өткізу туралы шешімнің коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[0-9]{2}

кодтық белгіленм кодтаудың реттік әдісі пайдаланыла отырып қалыптастырылады

1

1.2. Өткізу туралы шешімнің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 1000

орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

*.1. Қолданыла бастаған күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгісі

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыла бастаған күнге сәйкес келеді

1

*.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының қолданыла бастауын реттейтін акті туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.2.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқық актілерінің нормативтік құқықтық түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

*.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгісі

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

*.3. Қолданылуы аяқталатын күн

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгісі

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінде көрсетілген қолданылуы аяқталатын күнге сәйкес келеді

0..1

*.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының қолданылуының аяқталуын реттейтін акті туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

*.4.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқық актілерінің нормативтік құқықтық түрлерінің сыныптауышына сәйкес актінің кодтық белгіленімі

1

*.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

*.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгіленімі

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады