Маршрут пункттері түрлерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 231 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Маршрут пункттері түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      Анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Анықтамалыққа қатысты оператор қызметін Еуразиялық экономикалық комиссия атқарады;

      Анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 231 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Маршрут пункттері түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың ізеуірттелген мәліметтері

Маршрут пункттері түрінің коды

Маршрут пункттері түрінің атауы

1

жөнелту пункті

2

жол жүру пункті

3

жеткізу пункті

II. Анықтамалықтың паспорты

р/с

Элементтің белгісі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

1032

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

маршрут пункттері түрлерінің анықтамалығы

4

Аббревиатура

МПТА

5

Белгіленуі

ЕС 032- 2019 (ред. 1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 231 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 231 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

анықтамалық көліктік (автомобильдік) бақылау нәтижелерін рәсімдеу кезінде пайдаланылатын маршрут пункттерінің түрлері туралы мәліметтерді жүйелендіруге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу саласы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13

Түйін сөздер

көліктік бақылау, маршрут, пункт, маршрут пункті, маршрут пунктінің түрі

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

көліктік бақылау

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамаларының (сыныптауыштарының) болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік нөмірі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор анықтамалықтан өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мәні алып тасталған жағдайда анықтамалық жазбасы анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күнінен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде қолданылмайтын кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

анықтамалықтың құрылымының сипаттамасы (өрістерінің құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде берілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қол жеткізу ақпаратына жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметтеріне сілтеме

анықтамалықтың ізеуірттелген мәліметтері осы анықтамалықтың І бөлімінде берілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (бағандар) қалыптастырылады:

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілігі (опциондылығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен аспайтындай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен аспайтындай қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Маршрут пункттерінің түрі

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Маршрут пункттері түрінің коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[1-9]

маршрут пункттері түрінің кодтық белгіленімі

1

1.2. Маршрут пункттері түрінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 250

атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.6. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.6.1. Қолданыла бастаған күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгіленімі

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыла бастаған күнге немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.6.2. Қолданыла бастауын реттейтін акті туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.6.2.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқық актілерінің нормативтік құқықтық түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі

1

1.6.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.6.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгіленімі

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

1.6.3. Қолданылуы аяқталатын күн

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгіленімі

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінде көрсетілген қолданылуы аяқталатын күнге сәйкес келеді

0..1

1.6.4. Қолданылуының аяқталуын реттейтін акті туралы мәліметтер

енгізілген деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.6.4.1. Актінің түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқық актілерінің нормативтік құқықтық түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі

1

1.6.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.6.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматтағы күннің белгіленімі

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылданған күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады