Көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын рұқсат беру құжаттары түрлерінің сыныптауышы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 233 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7 тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы №155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын рұқсат беру құжаттары түрлерінің сыныптауышы (бұдан әрі - сыныптауыш) бекітілсін.

      2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      Сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      Сыныптауышқа қатысты оператордың функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссия орындайды;

      Сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру кезінде міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 233 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын рұқсат беру құжаттары түрлерінің сыныптауышы

I. Сыныптауыштың ізеуірттелген мәліметтері

Рұқсат беру құжаттары түрлері санатының коды

Рұқсат беру құжаты түрінің коды

Кодтық мәннің сипаттамасы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте рұқсат беру құжатын пайдалану белгісі

0100

Жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттар


0101

қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат

AM, BY, KG, RU

0102

1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат

KZ

0104

ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат

BY, KZ

0105

арнайы немесе бөлінбейтін жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат

KG

0107

жүкпен (немесе жүксіз) халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының бір рет жүріп өтуіне арнайы рұқсат

RU


0108

жүкпен (немесе жүксіз) халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралының бірнеше жол жүруіне (10-нан көп емес) арнайы рұқсат

RU

0200

Жүктерді тасымалдауға рұқсат


0201

жүктерді тасымалдауға бірыңғай (әмбебап) рұқсат

AM

0202

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы арқылы транзиттік өтуге рұқсат

AM, BY, KG, KZ, RU

0203

тасымалдауға (жол жүруге) арналған екі жақты рұқсат

AM, BY, KG, KZ, RU

0204

үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауға (жол жүруге) арналған рұқсат

AM, BY, KG, KZ, RU

0205

аралас қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған рұқсат

RU

0206

жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттар

KZ

0207

жүктерді тасымалдауға көп реттік рұқсат

RU

0299

халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған өзге де рұқсаттар

AM, BY, KG, KZ, RU

0300

Көлік министрлерінің Еуропалық конференциясының рұқсаты


0301

көлік министрлерінің Еуропалық конференциясының жылдық рұқсаты

AM, BY, RU

0302

көлік министрлерінің Еуропалық конференциясының қысқа мерзімді рұқсаты

AM, BY, RU


0303

көлік министрлерінің Еуропалық конференциясының қоныс аударушыларды халықаралық тасымалдауға рұқсаты

AM, BY, RU

0400

Жолаушыларды тасымалдауға рұқсат


0401

жолаушыларды халықаралық тұрақты тасымалдауға рұқсат

AM, BY, KG, KZ, RU


0402

жолаушыларды халықаралық тұрақты емес тасымалдауға рұқсат

BY, KZ


0403

екі жақты қатынаста жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға рұқсат

RU, KG


0404

транзиттік қатынаста жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға рұқсат

RU


0405

жолаушыларды үшінші елдерге (елдерден) тұрақты емес тасымалдау үшін рұқсат

RU


0406

күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар

KZ


0499

халықаралық қатынаста жолаушыларды тасымалдауға арналған өзге де рұқсаттар

AM, BY, KG, KZ, RU

0900

Тасымалдауға (сапарлауға) арналған өзге де рұқсаттар)


0901

халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі

BY, KZ


0904

автокөлік құралына рұқсат карточкалары

KZ, RU


0999

басқа

AM, BY, KG, KZ, RU

II. Сыныптауыштың паспорты

р/с №

Элементтің белгіленімі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

2063

2

Тип Түрі

2 - сыныптауыш

3

Атауы

көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын рұқсат беру құжаттары түрлерінің сыныптауышы

4

Аббревиатурасы

КБРҚТС

5

Белгіленім

ЕК 063-2019 (ред. 1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 233 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 233 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

-

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

-

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Белгіленімі

халықаралық автомобиль қатынасында жол жүруді және (немесе) жүктерді (жолаушыларды) тасымалдауды жүзеге асыру құқығына рұқсат беру құжаттарының түрлерін сыныптауға және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолдану саласы)

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында, Еуразиялық экономикалық комиссия және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында, Еуразиялық экономикалық комиссия және халықаралық интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар арасында, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары әрі заңды және жеке тұлғалар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде пайдаланылады

13

Түйін сөздер

рұқсат, жүк тасымалдау, жолаушыларды тасымалдау, жол жүру, құжат, құжат түрі

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

көлік және тасымал

15

Халықаралық (мемлекетаралық, аймақтық) сыныптауды пайдалану

2-сыныптауыштың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

1 - сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары бар:
Беларусь Республикасында – Кеден одағы елдерінің аумағы арқылы тасымалдауға (жол жүруге) рұқсаттар түрлерінің анықтамалығы, КМЕК берілген рұқсаттардың анықтамалығы, Беларусь Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды автобустармен халықаралық тұрақты емес тасымалдауға берілген рұқсаттардың анықтамалығы, Беларусь Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды автобустармен халықаралық тұрақты тасымалдауға берілген рұқсаттардың анықтамалығы, Беларусь Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдауға берілген рұқсаттардың анықтамалығы;
Қазақстан Республикасында – халықаралық қатынаста жүктерді (жолаушыларды) тасымалдауды жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының рұқсаттар түрлерінің анықтамалығы, Халықаралық қатынаста жүктерді (жолаушыларды) тасымалдауды жүзеге асыру құқығына Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының рұқсаттар түрлерінің анықтамалығы;
Ресей Федерациясында – "Жол жүруге рұқсат түрлері" анықтамалығы

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

2-иерархиялық, сатылар (деңгейлер) саны-2

18

Жүргізу әдістемесі

1-Орталықтандырылған жүргізу рәсімі.

Сыныптауыштың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды оператор Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпараты жүйесінің ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мән алып тасталған жағдайда сыныптауыш жазбасы сыныптауыш жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, алып тасталған күннен бастап жарамсыз деп белгіленеді. Сыныптауыштың кодтары бірегей болып табылады, Сыныптауыштың кодтарын, соның ішінде қолданыста жоқ кодтарын қайта пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылымы

сыныптауыш құрылымының сипаттамасы (жолақтардың құрамы, олардың мәндерінің аясы және қалыптастыру қағидалары) осы сыныптауыштың III бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

Сыныптауыштың мәліметтері ашық қол жеткізу ақпаратына жатады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

анықталмаған

22

Өзгерістер

-

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) ізеуірттелген мәліметтеріне сілтеме

Сыныптауыштың ізеуірттелген мәліметтері осы сыныптауыштың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

ІII. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы

      1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамын, соның ішінде деректемелер мәндерінің саласын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылатын кестеде келтірілген:

      "деректеме мәнінің аясы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерін ауызша сипаттау;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциондық) және деректеменің ықтимал қайталануының саны).

      3. Берілетін деректер реквизиттерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануға тиіс (n > 1, m > 1);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен артық емес қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Сыныптауыштың құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің аясы

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Рұқсат беру құжаттары түрлерінің санаттары туралы мәліметтер

салынған деректемелердің мәндерінің саласымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1..*

1.1. Рұқсат беру құжаттары түрлері санатының коды

шаблонға сәйкес таңбалар жолы:
[0-9]{2}

кодтық белгіленім кодтаудың дәйекті әдісін қолдану арқылы қалыптасады

1

1.2. Кодтық мәннің сипаттамасы

таңбалар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең үлкен ұзындығы: 500

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Рұқсат беру құжаттарының түрлері туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1..*

1.3.1.1. Рұқсат беру құжаты түрінің коды

шаблонға сәйкес таңбалар жолы: [0-9]{4}

кодтық белгіленім кодтаудың дәйекті әдісін пайдалана отырып қалыптастырылады, алғашқы екі символ рұқсат беру құжаттары түрлерінің санаты кодынан иелікке алынады

1

1.3.1.2. Кодтық мәннің сипаттамасы

таңбалар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең үлкен ұзындығы: 500

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.3.1.3.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте рұқсат беру құжатын пайдалану белгісі

шаблонға сәйкес таңбалар жолы: [A-Z]{2}

ISO 3166-1 стандартына сәйкес мүше мемлекеттің Alpha-2 әріптік коды

1..*

1.3.1.4. "Рұқсат беру құжаттарының түрлері туралы мәліметтер" сыныптауышының жазбасы туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің мәндерінің саласымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1

1.3.1.4.1. Әрекеттің басталу күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген әрекеттің басталу күніне сәйкес келеді

1

1.3.1.4.2. Әрекеттің басталуын реттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің мәндерінің салаларымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1

1.3.1.4.2.1. Актінің түрі

қалыптанған таңбалар жолы.
Үлгі: \d{5>

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленім

1

1.3.1.4.2.2. Актінің нөмірі

таңбалар жолы.
ең аз ұзындығы: 1.
ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.1.4.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.3.1.4.3. Әрекеттің аяқталу күні

МемСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген әрекеттің аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.3.1.4.4. Әрекеттің аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

енгізілген деректемелердің мәндерінің саласымен анықталады

енгізілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады.

0..1

1.3.1.4.4.1. Актінің түрі

Қалпына келтірілген нышандар жолы.
Үлгі: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі

1

1.3.1.4.4.2. Актінің нөмірі

таңбалар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең үлкен ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.1.4.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады