Кеден одағының "Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 025/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 234 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндгі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 18 қазандағы № 189 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 025/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесінің 66 – 74-тармақтарында 5-графада "01.01.2020 жылға дейін қолданылады" деген сөздер "тиісті мемлекетаралық стандарт стандарттар тізбесіне енгізілгенге дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады