Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 32 өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы" 2019 жылғы 29 мамырдағы № 7 шешімін орындау мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясатты жүргізген кезде мүше мемлекеттердің құзыретіне жатқызылған бөлікте тізбеде көзделген іс-шараларды ескеру және Еуразиялық экономикалық комиссияны олардың іске асырылу барысы туралы хабардар ету сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған іс-қимылдарға талдау жүргізсін және Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне жатқызылған бөлікте тізбеде көзделген іс-шаралардың орындалуын үйлестірсін.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
  2019 жылғы 8 тамыздағы № 32 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ТІЗБЕСІ

Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған іс-қимыл

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы ұсынылатын іс-шаралар

Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар

Күтілетін экономикалық нәтиже

1-бағыт. Ішкі макроэкономикалық және қаржылық жағдайлардың болжамдылығы мен тұрақтылығын арттыру

1. Баға тұрақтылығын қолдау
 

баға тұрақтылығына қол жеткізуге және оны ұстап тұруға бағытталған ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау
 
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 63-бабында белгіленген инфляция деңгейінің сандық мәні асып кеткен жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) консультация жүргізу
 
қажет болған кезде Шарттың 63-бабында белгіленген инфляция деңгейінің есептік сандық мәнінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған Комиссия ұсынымдарын есепке алу
 
 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) инфляция деңгейінің Шарттың 63-бабында белгіленген сандық мәнге сәйкестігін мониторингтеу
 
Шарттың 63-бабында белгіленген инфляция деңгейінің сандық мәні асып кеткен жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультация жүргізу
 
Шарттың 63-бабында белгіленген инфляция деңгейінің есептік сандық мәнінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған Комиссия ұсынымдарын әзірлеу
 

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
 

2. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру
 

мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, ұлттық бюджеттік, соның ішінде борыштық саясатты қалыптастыру
 
шоғырландырылған бюджеттің жылдық тапшылығының және мемлекеттік басқару секторы борышының Шарттың 63-бабында белгіленген мәні асып кеткен жағдайда Комиссиямен консультация жүргізу
 
қажет болған кезде шоғырландырылған бюджет тапшылығын және мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған Комиссия ұсынымдарын есепке алу
 

шоғырландырылған бюджеттің жылдық тапшылығының және мемлекеттік басқару секторы борышының Шарттың 63-бабында белгіленген сандық мәндерге сәйкестігін мониторингтеу
 
шоғырландырылған бюджеттің жылдық тапшылығының және мемлекеттік басқару секторы борышының Шарттың 63-бабында белгіленген сандық мәндері асып кеткен жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультация жүргізу
 
шоғырландырылған бюджет тапшылығын және мемлекеттік басқару секторының борышын азайтуға бағытталған Комиссия ұсынымдарын әзірлеу
 

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
бюджеттік және борыштық тұрақтылықты ұстап тұру

3. Халықаралық қағидаттар мен стандарттар негізінде қаржы секторын одан әрі дамыту

халықаралық қағидаттар мен стандарттар негізінде қаржы секторын дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау
 
 

мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау
 
 

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
 
мүше мемлекеттер экономикаларының қаржы секторын дамыту және нығайту
 

4. Өзара саудада есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту үшін жағдай жасау

қажет болған кезде өзара саудада есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейтуге бағытталған ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау

мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау және өзара саудада есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
 
мүше мемлекеттердің есеп айырысуларында ұлттық валюталардың үлесін ұлғайту
 

2-бағыт. Мүше мемлекеттердің өндірістік әлеуетін күшейту

1. Экономиканың өндірістік секторында инвестициялық белсенділікті ынталандыру
 

кәсіпорындардың инвестициялық ресурстарын жұмылдыруға және олардың әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын артыруға, сондай-ақ инвестициялық тәуекелдерді азайтуға бағытталған ұлттық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдау мен орындау шеңберіндегі шараларды іске асыру
 

мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау

экономиканың өндірістік секторына инвестициялар көлемін арттыру

2. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саланы дамыту үшін қажетті жағдайлар мен құралдар жасау
 

еуразиялық жаңа технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі бастамаларды дайындау және қарау және оларды еуразиялық даму институттарының қатысуымен іске асыру
 

еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру

Одақтың ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту

3. Цифрлық және ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту

Одақтағы сауданың цифрлық экожүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") жобасын әзірлеуге қатысу
 
 
құжаттардың электрондық түріне қойылатын Одақ шеңберінде біріздендірілген талаптарға сәйкес мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың электронды нысандарын дамыту
 

Одақтағы сауданың цифрлық экожүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") жобасын әзірлеу
 
 
 
мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын құжаттардың электронды түріне қойылатын талаптарды айқындау
 
мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен электронды түрдегі құжаттар құрылымдарының жобаларын әзірлеу
 

мүше мемлекеттердің өзара саудасының көлемін арттыру
 
үшінші елдерге тауарлар мен қызметтердің экспортын өсіру
 
мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін тең жағдайлар жасау
 
әкімшілік рәсімдерді іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің шығындарын азайту
 

4. Өнеркәсіптің басым салаларында кооперация мен импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы шеңберінде импорт алмастыратын кооперациялық жобаларды жүзеге асыруда мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау механизмін қалыптастыру
 

мүше мемлекеттердің аумақтарында импорт алмастыратын өнімнің нақты және жоспарлы өндірісін ескере отырып, оны Одақ шеңберінде кооперациялық негізде жасау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау механизмін қалыптастыру туралы мәселені өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперация мен импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының қарауына қатысу
 

мүше мемлекеттердің аумақтарында импорт алмастыратын өнімнің нақты және жоспарлы өндірісін ескере отырып, оны Одақ шеңберінде кооперациялық негізде жасау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау механизмін қалыптастыру туралы мәселені өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперация мен импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының қарауын қамтамасыз ету
 

мүше мемлекеттердің аумақтарында импорт алмастыратын өнімнің кооперациялық негіздегі өндірісінің көлемін арттыру
 

5. Қосылған құны жоғары өнім шығару жөніндегі қуаттарды арттыру және өнеркәсіптік кооперацияны күшейту

"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспарын іске асыруға қатысу
 
 

"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспарын бекіту және оны іске асыруға қатысу
 

шыққандағы қосылған құны жоғары өнімнің үлесін арттыру
 
мүше мемлекеттер арасындағы кооперациялық байланыстарды дамыту
 

6. Өнеркәсіпте мемлекетаралық бағдарламалар мен интеграциялық жобаларды іске асыру және Одақтың агроөнеркәсіптік секторында осындай жобаларды қалыптастыру

ұлттық ғарыш жүйелерінің интеграциясы саласында мемлекетаралық бағдарламалардың жобаларын әзірлеу
 
Одақтың өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік секторында мемлекетаралық бағдарламалар мен еуразиялық кооперациялық жобаларды әзірлеу жөнінде бастама дайындау

ұлттық ғарыш жүйелерінің интеграциясы саласында мүше мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру
 
еуразиялық кооперациялық жобаларды басқарудың тиімді жүйесін түзу жөнінде ұсыныстар дайындау
 

мүше мемлекеттерде инновациялық өнім өндірісінің көлемін арттыру
 
 

3-бағыт. Одақтың ішкі нарығын дамыту және сыртқы әріптестермен ынтымақтастықты нығайту

1. Кедергілерді анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді, оның ішінде Шарттың тиісті ережелеріне және Одақ органдарының оны дамыту үшін қабылданған актілеріне өзгерістер енгізу арқылы кезең-кезеңімен қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру
 

Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлардың және шектеулердің болуы туралы ақпаратты, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі болатын кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді жою мүмкіндігі туралы ақпаратты Комиссияға жіберу
 
 

Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлардың және шектеулердің болуын анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі болатын кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді жою мүмкіндігін айқындау
 
 

мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі
 
тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау
 
мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басқа мүше мемлекеттердің нарықтарына шығуын оңайлату
 
 

2. Мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру және бәсекелестікті қорғау

Одақтың трансшекаралық нарықтарында жалпы бәсекелестік қағидаларын бұзу белгілерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын материалдарды мүше мемлекеттердің монополияға қарсы (бәсекелес) органдарының беруі
 
 
 

әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтарында және экономиканың жоғары технологиялы салаларында бәсекелі жағдайлар жасау мақсатында мүше мемлекеттердің монополияға қарсы (бәсекелес) органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырумен қоса, Одақтың трансшекаралық нарықтарында жалпы бәсекелестік қағидаларының сақталуын бақылау
 

Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекені шектеу белгілері анықталған жағдайда, бәсекені қалпына келтіруге және қамтамасыз етуге бағытталған монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау
 

3. Одақтың көлік-логистикалық әлеуетін дамыту

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018 – 2020 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын әуе көлігі бөлігінде іске асырудың негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген 2018 – 2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын орындау

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018 – 2020 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын әуе көлігі бөлігінде іске асырудың негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген 2018 – 2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын іске асыру және орындалуын мониторингтеу

жүк айналымының, жолаушылар айналымының, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өсуі

4. Одақ шеңберінде еңбек және білім беру ұтқырлығы саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту

мүше мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды, сондай-ақ педагогика, заң, медицина және фармацевтика салаларындағы білім туралы құжаттарды жұмысқа орналасу мемлекетінде тану рәсімінен өткізу қажеттігі бөлігінде Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды жою туралы мәселені пысықтауға қатысу
 

мүше мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды, сондай-ақ педагогика, заң, медицина және фармацевтика салаларындағы білім туралы құжаттарды жұмысқа орналасу мемлекетінде тану рәсімінен өткізу қажеттігі бөлігінде Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды жою туралы мәселені мүше мемлекеттермен пысықтау
 

еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру
еңбек ресурстарының сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау

5. Сыртқы әріптестермен сауда және экономикалық байланыстарды тереңдету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Комиссияның үшінші елдердің үкіметтерімен ынтымақтастығы бойынша Комиссия мен үшінші елдердің үкіметтері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыру мақсатында құрылған жұмыс топтарының отырыстарына, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (АСЕАН) мүше мемлекеттер қатысатын бірлескен консультацияларға қатысу
 
Одақ пен оған мүше мемлекеттер және мүше мемлекеттердің саудадағы әріптестері (Мысыр Араб Республикасы, Израиль Мемлекеті, Үндістан Республикасы, Сербия Республикасы және Сингапур Республикасы) арасында саудадағы келісімдер жасасу туралы келіссөздерге қатысу
 
үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу
 
мүше мемлекеттер қызығушылық танытқан жағдайда үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстар дайындау
 
әлеуметтік-экономикалық дамудың және құқықтық реттеудің ерекшеліктерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ең үздік практикаларын енгізу
 

Комиссияның үшінші елдердің үкіметтерімен ынтымақтастығы бойынша Комиссия мен үшінші елдердің үкіметтері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыру мақсатында құрылған жұмыс топтарының отырыстарын өткізу, сондай-ақ АСЕАН мүше мемлекеттер өкілдері қатысатын бірлескен консультацияларды ұйымдастыру
 
Одақ пен оған мүше мемлекеттер және мүше мемлекеттердің саудадағы әріптестері (Мысыр Араб Республикасы, Израиль Мемлекеті, Үндістан Республикасы, Сербия Республикасы және Сингапур Республикасы) арасында саудадағы келісімдер жасасу туралы келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу
 
саудадағы әріптес мемлекеттердің немесе мүше мемлекеттердің үшінші тараптармен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстарын Комиссия алаңында қарауды қамтамасыз ету
 
еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөніндегі зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру және тиісті топтар жұмысының қорытындыларын Комиссияның қарауын қамтамасыз ету
 
жаңа әріптестермен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерделеу жөнінде бірлескен зерттеу топтарын ықтимал құру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
 
Одақ шеңберінде ЭЫДҰ ұсынымдары мен ең үздік практикаларын пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар дайындау
 
Дүниежүзілік сауда ұйымы органдарының сауда саясаты мәселелері жөніндегі іс-шараларына қатысу
 

үшінші елдермен сауда көлемін және инвестицияларды ұлғайту
 
Одақтың және оған мүше мемлекеттердің саудадағы әріптес мемлекеттермен саудадағы және инвестициялық ынтымақтастығын жандандыру
 
үшінші елдердің нарықтарында мүше мемлекеттер тауарларына қол жеткізу шарттарын оңайлату
 
өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша Комиссияның шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын жандандыру
 
ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейлерде
құқықтық реттеуді жетілдіру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады