Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарымен трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (электрондық қолтаңбаның) ұлттық криптографиялық стандарттарын пайдалану туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 3 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 11-тармағына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарымен трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында:

      ұлттық заңнамаға сәйкес резидент болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұлттық заңнамаға сәйкес ресімделген, басқа мүше мемлекеттің атқарушы билік органына ұсынуға арналған электрондық құжаттарды растауды ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыруға уәкілетті органдарды (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, электрондық құжаттарды авторландыру) белгілесін;

      ұлттық сегмент шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешіміне № 8 қосымшада көрсетілгендерден ерекшеленетін электрондық цифрлық қолтаңбаның криптографиялық стандарттары пайдаланылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің атқарушы билік органдарына оларды одан әрі басқа мүше мемлекеттің атқарушы билік органына тапсыру үшін жіберетін электрондық құжаттарды уәкілетті органдардың авторландыруды мынадай тәртіпте жүргізуін қамтамасыз етсін:

      а) электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның (электрондық қолтаңбаның) түпнұсқалығын растау;

      б) осы Шешімнің 3-тармағына сәйкес рәсімдерді орындау;

      в) электрондық құжатқа Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешіміне 8-қосымшада көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңбаның криптографиялық стандарттарын пайдалана отырып жасалған уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасын (электрондық қолтаңбасын) қою;

      ұлттық сегмент шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешіміне № 8 қосымшада көрсетілгендерге сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңбаның криптографиялық стандарттары пайдаланылған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің атқарушы билік органдарына оларды одан әрі басқа мүше мемлекеттің атқарушы билік органына тапсыру үшін жіберетін электрондық құжаттарды уәкілетті органдардың авторландыруды мынадай тәртіпте жүргізуін қамтамасыз етсін:

      а) осы Шешімнің 3-тармағына сәйкес рәсімдерді орындау;

      б) электрондық құжатқа Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешіміне 8-қосымшада көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңбаның криптографиялық стандарттарын пайдалана отырып жасалған уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасын (электрондық қолтаңбасын) қою;

      Одақ құқығына сәйкес интеграцияланған ақпараттық жүйенің үшінші тарапы сенім білдірген қызметті пайдалана отырып, авторластырылған электрондық құжатты тапсыруды қамтамасыз етсін.

      2. Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының үкіметтері Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының ұлттық интеграциялық сегменттерін тиісті жаңғыртуды қаржыландыруға арналған грантты алуы үшін құжаттарды Еуразиялық тұрақтылық пен даму қорына ұсыну туралы мәселені зерттесін.

      3. Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары электрондық құжаттарды авторландыру кезінде:

      шаруашылық жүргізуші субъекті рәсімдеген электрондық құжаттың ұлттық заңнама талаптарына сәйкестігін және шаруашылық жүргізуші субъектінің электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану заңдылығын халықаралық келісімдерге сәйкес растауды жүзеге асырсын;

      4. Ресей Федерациясының Үкіметі Армения Республикасының Үкіметімен және Қырғыз Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, Ресей Федерациясының МЕМСТ Р 34.10-2012 стандарты бойынша электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) схемасын пайдалана отырып куәландыру орталығының функцияларын іске асыруға арналған бағдарламалық құралдарды Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасына өтеусіз тапсыру туралы мәселені пысықтасын.

      5. Осы Шешім мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен атқарушы билік органдары арасында электрондық құжаттар және (немесе) деректер алмасуы негізінде трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл механизмдерін сипаттай отырып, өзге де шешімдер қабылдауына шектеу қоймайды.

      6. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тұжырымдамасы және онда көзделген барлық нормативтік актілер қабылданғанға дейін қолданылады.

      7. Еуразиялық экономикалық комиссия Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл тұжырымдамасын және онда көзделген барлық нормативтік актілерді бекіту үшін 2020 жылғы 31 мамырға дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңеске ұсынсын.


Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

 
Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады