Шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаларға қатысты "дайындаушы уәкілеттік берген тұлға" ұғымын қолданудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 25 қазандағы № 10 шешімі.

      Сериямен шығарылатын өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде әрекет етуге шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаларға қатысты "дайындаушы уәкілеттік берген тұлға" ұғымын бірізді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өз аумақтарында өнімді айналысқа шығарған кезде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 2-тармағының жиырма сегізінші абзацында айқындалған, шетелдік дайындаушы уәкілеттік берген, осы өнімді айналысқа шығарған кезде дайындаушының атынан іс-қимылды жүзеге асыратын және өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкессіздігі үшін жауапты болатын тұлға ғана сериямен шығарылатын өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші болып табылатынын негізге алсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасағанда:

      2020 жылғы 1 наурызға дейін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа "дайындаушы уәкілеттік берген тұлға" ұғымын нақтылау және оған қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындасын;

      2020 жылғы 1 шілдеге дейін шетелдік дайындаушылардың сериямен шығарылатын өнімін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналысқа шығарған кезде оған қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растауға байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия актісін қабылдау бойынша ұсыныстар дайындасын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады