2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімнің 1.3-бабын іске асыру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 16 шешімі

      2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімнің (бұдан әрі - Уақытша келісім) 1.3-бабын іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) бірлесіп Иран Ислам Республикасымен Уақытша келісімнің 1.3-бабында көзделген келіссөздерді бастасын.

      2. Комиссия Кеңесі осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге арналған директиваларды бекітсін.

      3. Комиссия осы Шешімнің 1-тармағын іске асыру барысы және қажетті шешімдер қабылдау жөніндегі ұсыныстар туралы 2021 жылғы желтоқсаннан кешіктірмей Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске баяндасын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады