2019 жылғы 25 қазандағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің күшіне енуі туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 17 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының екінші абзацына, 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімнің 11-бабына және 2019 жылғы 25 қазандағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің 33-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. 2019 жылғы 25 қазандағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енген күнінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Сербия Республикасының атына Келісімнің 33-бабында көзделген хабарламаны жіберсін.

      3. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Еуразиялық экономикалық комиссия дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады