Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 18 шешімі

      Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) 42 және 55-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті

      Қосымшаға сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей

      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан


  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
  2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 18 шешіміне
  ҚОСЫМША

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының екінші графасында:

      а) 9 және 19-тармақтарындағы "2018 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 23-тармақтағы "2018 жыл" деген сөздер "2021 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 26-тармақтағы "2019 жыл" деген сөздер "2022 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 27-тармақтағы "2019 жыл" деген сөздер "2023 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 29 мамырдағы "Ауа райы болжамы және метеорология бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарының 8 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру туралы" № 4 шешімінің мәтінінде "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады