Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың екінші кезеңіне көшу туралы

Жаңартылған

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 21 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 83 және 104-баптарына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №18 шешімін іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекеттер, Одақ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп:

      а) күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      б) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың екінші кезеңіне көшсін, мұның шеңберінде:

      газ жеткізілімі бағыттары бойынша мүше мемлекеттер бәсекелесетін немесе өзара бәсекелесуі мүмкін үшінші мемлекеттерге газ тасымалдау мен жеткізілімі мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің консультациялар жүргізуіне ықпал ету;

      мүше мемлекеттердің аумағына газ жеткізілімі мақсатында Одақтың ортақ газ нарығында сатып алынған газдың үшінші елдерге қайта сатылуын болдырмайтын механизмдерді әзірлеу;

      үшінші мемлекеттердің аумағынан шығатын газға қатысты Одақтың ортақ газ нарығын реттейтін актілердің қолданылуын болдырмайтын механизмдерді әзірлеу;

      Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жобасын дайындау қажет;

      в) күші жойылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 25.05.2023 № 3 (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады