Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуына 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі аралықта мониторинг жүргізу және олардың орындалуына бақылау жасау нәтижелері (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасын (бұдан әрі тиісінше – баяндама, ырықтандыру жоспарлары) ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия:

      а) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV бөлімінің ережелерін іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізген кезде баяндама ережелерін ескерсін;

      б) баяндама ережелерін ескере келіп, ырықтандыру жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын және қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарыттарсыз ырықтандыру жоспарларында көзделген мерзімдерде жұмыс істей бастауын қамтамасыз ету қажеттігіне негіздей отырып, ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №12 өкімінің 2-тармағының орындауы туралы баяндасын;

      баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында мына мекенжай бойынша: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/dobd/work_group/ Documents/REPORT4.pdf. орналастырсын.

      3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады