Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызуға, бөлуге, аударуға және қайтаруға байланысты ақпарат алмасу туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 9 шешімі

      Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызу және бөлу туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымшаға қосымша) 23-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 240 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызуға, бөлуге, аударуға және қайтаруға байланысты ақпарат алмасу туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған хаттама (2) күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 9 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке жатқызуға, бөлуге, аударуға және қайтаруға байланысты ақпарат алмасу туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-тармақтағы "Астана қаласының уақыты" деген сөздер "Нұр-Сұлтан қаласының уақыты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген Ережеге қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
уәкілетті органдары
арасында арнайы, демпингке
қарсы, өтемақы баждарын
есепке жатқызуға, бөлуге,
аударуға және қайтаруға
байланысты ақпарат
алмасу туралы ережеге
ҚОСЫМША"
(Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 9 шешімінің редакциясында)

      (нысан)

      _______________________________________________________________________

      (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының атауы)

      20___ жылғы "_____" ___________ үшін

Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы ЕСЕБІ

Көрсеткіштің атауы

Сомасы

бір күнгі

жыл басынан бері

1

2

3

1-бөлім. Мүше мемлекеттің ұлттық валютасында
1. Мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы
2. Есепті күні мүше мемлекеттің уәкілетті органы орындаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу шотына есепке жатқызулардың сомасы – барлығы
соның ішінде:
2.1. аванстық төлемдер
2.2. кедендік әкету баждары, салықтар мен алымдар, сондай-ақ өзге де төлемдер
3. Есепті күні берешекті өтеу шотына есепке жатқызылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы
4. Ағымдағы күні берешекті өтеу шотына есепке жатқызылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы
5. Есепті күні қайтарылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы
6. Ағымдағы күні қайтарылуға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы
7. Мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі есепті күні орындауға қабылдамаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтару сомасы
8. Мүше мемлекеттер арасында бөлінуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы – барлығы
соның ішінде:
8.1. Армения Республикасының бюджетіне
8.2. Беларусь Республикасының бюджетіне
8.3. Қазақстан Республикасының бюджетіне
8.4. Қырғыз Республикасының бюджетіне
8.5. Ресей Федерациясының бюджетіне
9. Бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылған сомасы – барлығы
соның ішінде*:
9.1. Армения Республикасы
9.2. Беларусь Республикасы
9.3. Қазақстан Республикасы
9.4. Қырғыз Республикасы
9.5. Ресей Федерациясы
10. Мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотынан аударылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен кірістен осы мүше мемлекеттің бюджетіне түсімдердің сомасы
11. Бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылуы тоқтатыла тұрған сомасы – барлығы
соның ішінде*:
11.1. Армения Республикасы
11.2. Беларусь Республикасы
11.3. Қазақстан Республикасы
11.4. Қырғыз Республикасы
11.5. Ресей Федерациясы
2-бөлім. Басқа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасында*
12. Мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына түсімдердің сомасы:
12.1. Армения Республикасынан, драм – барлығы
соның ішінде:
12.1.1. арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен кірістер
12.1.2. Хаттамада** көзделген талаптардың орындалуы бұзылған кезде өтіп кеткен мерзім үшін мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен проценттер сомасы
12.2. Беларусь Республикасынан, беларусь рублі – барлығы
соның ішінде:
12.2.1. арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен кірістер
12.2.2. Хаттамада** көзделген талаптардың орындалуы бұзылған кезде өтіп кеткен мерзім үшін мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен проценттер сомасы
12.3. Қазақстан Республикасынан, теңге – барлығы
соның ішінде:
12.3.1. арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен кірістер
12.3.2. Хаттамада** көзделген талаптардың орындалуы бұзылған кезде өтіп кеткен мерзім үшін мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен проценттер сомасы
12.4. Қырғыз Республикасынан, сом – барлығы
соның ішінде:
12.4.1. арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен кірістер
12.4.2. Хаттамада** көзделген талаптардың орындалуы бұзылған кезде өтіп кеткен мерзім үшін мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен проценттер сомасы
12.5. Ресей Федерациясынан, ресей рублі – барлығы
соның ішінде:
12.5.1. арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен кірістер
12.5.2. Хаттамада** көзделген талаптардың орындалуы бұзылған кезде өтіп кеткен мерзім үшін мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шоттарына келіп түскен проценттер сомасы



      Алдыңғы есептің күні 20__ жылғы "___"______________

      Мүше мемлекеттің уәкілетті__________________ ________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      органының басшысы

      (уәкілетті тұлға)

      Жауапты орындаушы ______________ ______________________

      (Т.А.Ә.) (телефон нөмірі)

      ________________

      * Уәкілетті органы есепті дайындаған мүше мемлекетке қатысты толтырылмайды

      ** Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттама (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша).".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады