Қолданылу нәтижесінде Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 18 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Қолданылу нәтижесінде Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 28 қаңтардағы
№ 18 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қолданылу нәтижесінде Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА


р/с

ХСС коды

Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері

Әзірлеу мерзімдері

Жауапты әзірлеуші – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

1

19.100

Бұзбайтын бақылау. Магнит-ұнтақ бақылау. 2-бөлім. Дефектоскопия үшін материалдар.
ISO 9934-2:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V бөлімнің 36-тармағы

2020 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы

2

19.100

Бұзбайтын бақылау. Магнит-ұнтақ дефектоскопия. 1-бөлім. Жалпы қағидаттар.
ISO 9934-1:2016-ны ескере отырып МЕМСТ әзірлеу

V бөлімнің 36-тармағы

2020 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы

3

25.160.40

Пісіріп жалғауларды бұзбайтын бақылау. Ультрадыбыстық бақылау. Бақылау мен бағалаудың әдістері, деңгейлері.
Р ISO 17640:2018 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V бөлімнің 36-тармағы

2020 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы

4

23.020.30

2-топтағы жұмыс орталары үшін пайдаланылатын газдарға, қысыммен ерітілген сұйытылған газдарға және буларға арналған ыдыстар.
EN 286-1:1998 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 2 қосымша

2020 жыл

2021 жыл

Беларусь Республикасы

5

23.020.40 23.060.01

Криоген ыдыстар. Төмен температуралы жұмыс режиміне арналған клапандар.
EN 1626:2008 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 2 қосымша

2020 жыл

2021 жыл

Беларусь Республикасы

6

23.060.01

Өнеркәсіптік клапандар. Металл клапандарды сынау. 1-бөлім. Қысыммен сынау, сынақтарды жүргізу тәртібі және бағалау критерийлері. Міндетті талаптар.
EN 12266-1:2012 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 2 қосымша

2020 жыл

2021 жыл

Беларусь Республикасы

7

23.060.40

Сұйытылған көмірсутек газына арналған жабдық пен құрылғы. Сұйытылған көмірсутек газы үшін қысым берілетін ыдыстарға арналған редукциялық клапандар.
EN 14129:2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 2 қосымша

2020 жыл

2021 жыл

Беларусь Республикасы

8

23.060.01

Құбыржол арматурасы. Бақылау және сынау әдістері.
МЕМСТ 33257-2015-ке өзгерістер енгізу

№ 2 қосымша

2021 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

9

71.120 75.200

Пісірілген болат ыдыстар мен аппараттар. Жалпы техникалық шарттар.
МЕМСТ 34347-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

10

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Жалпы талаптар.
МЕМСТ 34233.1-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

11

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Цилиндрлік және конустық ернеушелерді, дөңес және жазық түптер мен қақпақтарды есептеу.
МЕМСТ 34233.2-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

12

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Ішкі және сыртқы қысымдар түсірілген кезде ернеушелер мен түптердегі тесіктерді нығайту. Штуцерге сыртқы статикалық жүктемелер түсірілген кезде ернеушелер мен түптердің беріктігін есептеу.
МЕМСТ 34233.3-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

13

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Ернемек арқылы жалғастырулардың беріктігі мен герметиикалығын есептеу.
МЕМСТ 34233.4-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

14

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Ернеушелер мен түптерді тірек жүктемелердің әсер етуіне есептеу.
МЕМСТ 34233.5-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

15

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Аз циклді жүктемелер кезінде беріктікті есептеу.
МЕМСТ 34233.6-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

16

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Жылу алмасу аппараттары.
МЕМСТ 34233.7-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

17

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Көйлекқабы бар ыдыстар мен аппараттар.
МЕМСТ 34233.8-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

18

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Колонна типіндегі аппараттар.
МЕМСТ 34233.9-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

19

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Күкіртсутек орталармен жұмыс істейтін ыдыстар мен аппараттар.
МЕМСТ 34233.10-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

20

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Пісіріп жалғастыру жиектерінің ауытқуын, ернеушелердің шығыңқылығы мен жұмыр еместігін ескере отырып, ернеушелер мен түптердің беріктігін есептеу әдісі. МЕМСТ 34233.11-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

21

71.120 75.200

Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. ЭЕМ-де орындалатын беріктігінің есеп-қисаптарын ұсыну нысанына қойылатын талаптар.
МЕМСТ 34233.12-2017-ні қайта қарау

IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша

2020 жыл

2022 жыл

Ресей Федерациясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады