Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді орындауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 35 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерді тауарлардың жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттау кезінде мемлекеттік баж алуға қатысты бөлігін Армения Республикасының орындауына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Армения Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспортталатын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 26-тобында сыныпталатын ағаш материалдары мен рудаларға, ЕАЭО СЭҚ ТН 7204, 7303 00, 7304, 7305, 7306, 7307 және 7308 кодтарымен сыныпталатын қара металдардың қалдықтары мен сынықтарына, қара металдан дайындалған құбырлар мен олардың фитингтеріне, қара металдардан жасалған металл конструкцияларға, ЕАЭО СЭҚ ТН 7404 00, 7503 00, 7602 00, 7802 00 000 0, 7902 00 000 0, 8002 00 000 0, 8101 97 000 0, 8102 97 000 0, 8103 30 000 0, 8104 20 000 0, 8105 30 000 0, 8106 00 100 0, 8107 30 000 0, 8108 30 000 0, 8109 30 000 0, 8110 20 000 0, 8111 00 190 0, 8112 13 000 0, 8112 22 000 0, 8112 52 000 0, 8112 92 210 және 8113 00 400 0 кодтарымен сыныпталатын түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Армения Республикасының "Мемлекеттік баж туралы" 1998 жылғы 10 қаңтардағы № ЗР-186 Заңының 20-бабының 15, 15.1 – 15.3-тармақтарының ережелерін қолдану кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 3-тармағын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.

      2. Армения Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады