Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 73 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, осы Шешім күшіне енгенге дейін шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 02 наурыздағы
№ 73 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. № 2 нысанның 4.5-тармақшасында:

      тоғызыншы абзац "(вакцина егілген бұқалар – вирустың немесе вирустық антигеннің болуына" деген сөздермен толықтырылсын;

      он үшінші абзац алып тасталсын.

      2. № 5 нысанның 4.5-тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын.

      3. № 23 нысанның 4.3-тармақшасының тоғызыншы абзацы алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады