Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 80 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" № 798 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ерікті негізде қолдану нәтижесінде аталған Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптары қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 3, 8 және 11-тармақтарында "01.04.2021" деген цифрлар "01.11.2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      б) зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістері, соның ішінде аталған Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары қамтылған халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 4, 18, 23, 25, 27, 120 – 123-тармақтарында "01.07.2020" деген цифрлар "01.07.2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады