Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 135 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 81 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) өтпелі ережелері туралы" № 135 шешімінің 1-тармағының "а" және "в" тармақшаларындағы "2020 жылғы 1 шілдеден", "2020 жылғы 1 шілдеге" деген сөздер "2021 жылғы 31 желтоқсаннан", "2021 жылғы 31 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады