Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 90 шешімі

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 30 қаулысымен Беларусь Республикасының аумағында енгізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2020 жылғы 19 шілдеде түскен өтінісіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 2020 жылғы 18 шілдеден бастап қоса алғанда 2020 жылғы 15 қазанға дейінгі аралыққа – 90 күнге ұзартумен келісілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 18 шілдеден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады