Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға және 2021-2023 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі № 92 шешімі

      Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға және 2021 – 2023 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 92 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға және 2021 – 2023 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері


Өлшем бірлігі

Болжам

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының интервалдық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептеу)

өткен жылға қарағанда пайызбен

(-7,6) – 0,5

3,0 – 5,8

2,2 – 3,8

2,4 – 3,8

2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалдық сандық мәндері

бір баррельге АҚШ доллары

27,7 – 45,0

30,0 – 55,0

30,0 – 58,0

30,0 – 60,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады