Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 104 шешімі

      Ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комисиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден бақыланатын тауарларды әкелуге арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысаны туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 18-тармақ "жапырақ кескіш аралардан" деген сөздерден кейін ", шегірткелерден, энтомофаг жәндіктерден" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын бал жинайтын араларға, түкті аралар мен жоңышқалық жапырақ кескіш аралардың жібек құрттарына арналған ветеринариялық сертификаттардың нысанында (№ 18 нысан):

      сертификаттың атауы ", шегірткелерден, энтомофаг жәндіктерден" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші абзацтың 4.1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Өңірлендіруге сәйкес әкімшілік аумақта немесе шаруашылық аумағында соңғы 24 ай ішінде акарапидозы, америкалық шірігі, тропилелапсозы, Aethina tumida қоңызы, еуропалық шірігі, нозематозы, варроатозы (акрацидтерге төзімді таскене түрінің болуы), локустакарозы, критидиозы, аспергиллезі, сферуляриозы, вирустық асқынған параличі, кашмир вирусы, энтопокс вирусы, өсіру үшін арналған үй-жайларда көбейіп кететін таскенелері, сондай-ақ меллитобилері, бракониді, кептірілген жемістер көбелектері (Vitula egmandsae), грегаринозы, спироплазмозы, миоздары (сенотаинозы), түкті аралар мен аралар үшін ортақ аскосферозы жоқ экспорттаушы елдердің қолайлы шаруашылықтарынан және экспорттаушы елдердің әкімшілік аумақтарынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын дені сау шегірткелер мен энтомофаг жәндіктер.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады