Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 048/2019) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 17 қарашадағы № 146 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мынадай:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 048/2019) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге (бұдан әрі тиісінше – өнім, техникалық регламент) қатысты техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген энергетикалық тиімділікке қойылатын міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 24 айдан кешіктірілмей жарамды болады деп белгіленсін.

      Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап өнімнің мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген энергетикалық тиімділікке қойылатын міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 24 ай бойы техникалық регламент күшіне енген күнге дейін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген энергетикалық тиімділікке қойылатын міндетті талаптарға сәйкестігі міндетті бағалауға жатқызылмаған өнімді осы мүше мемлекеттің аумағында өнімнің энергетикалық тиімділікке қойылатын талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      в) техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 24 ай бойы техникалық регламент күшіне енгенге дейін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген энергетикалық тиімділікке қойылатын міндетті талаптарға сәйкестігі міндетті бағалауға жатқан өнімді техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде осындай міндетті талаптарға сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      г)  осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналысына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген оның қызмет ету мерзімі ішінде жол беріледі;

      д)  неғұрлым жоғары энергетикалық тиімділікті көздейтін (энергетикалық тиімділікке қойылатын талаптарды енгізудің келесі кезеңіне қатысты белгіленген) техникалық регламенттің талаптарын қолдану басталған күннен бастап неғұрлым төмен энергетикалық тиімділікті көздейтін (энергетикалық тиімділікке қойылатын талаптарды енгізудің алдыңғы кезеңіне қатысты белгіленген) техникалық регламенттің міндетті талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      е)  өнімнің неғұрлым төмен энергетикалық тиімділікті көздейтін (энергетикалық тиімділікке қойылатын талаптарды енгізудің алдыңғы кезеңіне қатысты белгіленген) техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде шығарылған өнімнің айналысына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген оның қызмет ету мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) В. В. Назаренко мүше мемлекеттермен бірлесіп, 2021 жылғы 1 наурызға дейін:

      а)  зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын;

      б)  кедендік декларацияны беру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнімдер тізбесінің жобасын әзірлесін және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының қарауына ұсынсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады