Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялы емес қағидаларына) өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 57 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 2-тармағы мен 102-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялы емес қағидаларына) өзгерістер енгізілсін:

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 23 шілдедегі № 126 шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 10 шілдедегі
№ 57 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялы емес қағидаларына) енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақта:

      Бірінші абзацтағы "Осы" деген сөз "Егер осы тармақтың екінші абзацында өзгеше көзделмесе, осы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Қағидалар Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі - мүше мемлекет) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін үшінші тараппен жасасқан халықаралық шартына немесе барлық мүше мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес және осындай үшінші тараппен саудада преференция беру көзделетін, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес тауардың шығарылуына негізделген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын тауарларға ұқсас тауарларды қоспағанда, шығарылуы расталған тауарларға қатысты қолданылмайды.".

      2. 23-тармақ "жағдайларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген халықаралық шарттар шеңберінде Одақтың аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуы расталған жағдайды" деген сөзбен толықтырылсын.

      3. 24-тармақта "Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі - мүше мемлекет)" деген сөздер "мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 25-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген, тауардың шығарылуына негізделетін, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылған жағдайда осы Қағидалардың 1-тармағының екінші абзацында көрсетілген халықаралық шарттар шеңберінде Одақтың кедендік аумағына әкелінетін ұқсас тауарлардың шығарылуы кедендік декларациялау кезінде преференциялы сауда кезінде қолданылатын тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсына отырып, оған қоса осы Қағидаларға сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификатпен немесе мүше мемлекеттер заңнамасында көзделген жағдайларда, осы Қағидаларға сәйкес тауардың шығарылуы туралы декларациямен (осы Қағидаларға сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификатты міндетті түрде ұсынбай-ақ) расталады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады