Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 65 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінде:

      а) II бөлімге ескертпеде:

      үшінші абзацтағы "2915 70 000 0" деген цифрлар "2915 70" деген цифрлармен ауыстырылсын, "2915 90 000 0" деген цифрлар "2915 90" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      бесінші абзацтағы "2917 34 100 0, 2917 34 900 0" деген цифрлар "2917 34 000 0" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      б) III бөлімде:

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "- бұрын пайдалануда болған өнім (тауарлар);";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "- Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы керек-жарақтарды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктеріне сәйкес керек-жарақтар ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы орын ауыстыратын (орын ауыстырылған) өнім (тауарлар);";

      он бірінші абзацтағы "және режимге орналастырылатын" деген сөздер "кедендік рәсімге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады