Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 79 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 32-бабына сәйкес, 2019-nCoV коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауға байланысты қалыптасқан жағдайға, жеке тұлғалар үшін өз құқықтарын іске асыру және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес міндеттерін орындау мүмкін еместігіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 47 "Жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің кейбір мерзімдерін өзгерту туралы" шешімінің 1-тармағы бірінші абзацының және 3-тармағының мәтіні бойынша "2020 жылғы 30 қыркүйекке" деген сөздер "2021 жылғы 31 наурызға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Э. Асрандиев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады