Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің лауазымды адамдарына қатысты тең өкілдік қағидатын іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 82 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 9-бабының 2-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің лауазымды адамдарына қатысты тең өкілдік қағидатын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте (бұдан әрі – тиісінше Одақ, мүше мемлекет) бұрын мүше мемлекеттер арасында уағдаластық болған Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) департаменттерінің лауазымды адамдарының лауазымдарын бөлуді өзгерту (бұдан әрі – лауазымдарды бөлуді өзгерту) қажеттігі туындаған жағдайда, тиісті мүше мемлекет мүше мемлекеттердің теңдей ұсынуы қағидатын ескере отырып, лауазымдарды бөлуді өзгерту жөнінде Комиссияға ұсыныс жібереді (бұдан әрі – бастамашылық ұсыныс).

      2. Комиссия бастамашылық ұсынысты алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде бастамашылық ұсыныстың 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне, Одақ органдарының актілеріне сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді және бастамашылық ұсынысты жүргізілген жұмыстың нәтижелерімен қоса мүше мемлекеттерге жібереді.

      3. Мүше мемлекеттер осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген ақпарат жіберілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бастамашылық ұсыныс бойынша ұстанымы туралы ақпаратты Комиссияға ұсынады.

      4. Комиссия Алқасы бастамашылық ұсынысты осы Шешімнің 3-тармағында көрсетілген ұстанымдарды ескере отырып, белгіленген тәртіппен және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне сәйкес қарайды, соңғы шешім қабылдау үшін мәселені Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізу туралы ұсыныс енгізеді.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады