Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ алғашқы формалардағы этилен полимерлерінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыкүйектегі № 84 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік әкелу тарифінің ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 75С ескертумен толықтырылсын:

      "75С) кедендік құнның 6,5 % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 84 шешімі күшіне енген күннен бастапқоса алғанда 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданылады;

      д) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 39-тобына қосымша ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертулері:

      1. 3901 40 000 1 кіші қосалқы тауар позициясына меншікті салмағы 0,94-тен төмен этилен-альфа-олефин сополимерлері енгізіледі, егер олар келесі сипаттамалардың біріне немесе бірнешеуіне ие болса:

      - құрамында октен-1 болса;

      - меншікті салмағы 0,916-дан төмен болса;

      - балқу температурасы 120 ° C-тан төмен болса.

      2. 3904 10 000 1 кіші қосалқы позицияда:

      "поливинилхлоридті эмульсиялық шайырлар" термині бастапқы бөліктерінің мөлшері 0,1-3 мкм болатын, поливинилхлоридті эмульсиялық шайырларды полимерлеу кезінде алынған поливинилхлоридті шайырларды білдіреді;

      "поливинилхлоридті микросуспенсиялы шайырлар" термині бастапқы бөліктерінің мөлшері 0,1-3 мкм болатын, поливинилхлоридті шайырларды микросуспензиялап полимерлеу кезінде алынған поливинилхлоридті білдіреді;

      "поливинилхлоридэкстендер шайырлары" термині бөліктерінің мөлшері 20 – 50 мкм болатын поливинилхлоридті шайырларды суспезиялық полимерлеу кезінде алынған поливинилхлоридэкстендер шайырларды білдіреді.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтьн сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ 3901 40 000 0 коды бар позиция мынадай позициялармен ауыстырылсын.

"3901 40 000 1
 

– – Еуразиялық экономикалық одақтың осы топқа
Қосымша 1 ескертуінде көрсетілген сополимерлер
 

3901 40 000 9

– – өзгелері".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 84 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшеу бірлігі

3901 40 000 0

– меншікті салмағы 0,94-тен төмен этилен-альфа-олефин сополимерлері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 84 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшеу бірлігі

3901 40 000

– меншікті салмағы 0,94-тен төмен этилен-альфа-олефин сополимерлері


3901 40 000 1

– – Еуразиялық экономикалық одақтың осы топқа қосымша
1-ескертуінде көрсетілген сополимерлер

3901 40 000 9

– – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 84 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Брыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН

Позицияның атауы

Кедендік баж салығының ставкасы (кедендік құннан пайызбен, евромен немесе АҚШ долларымен)

3901 40 000 1
 

– – Еуразиялық экономикалық одақтың осы топқа қосымша 1-ескертуінде көрсетілген сополимерлер

0

3901 40 000 9

– – өзгелері

075С)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады