Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 11 қазандағы № 86 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43, 45, 56 және 57-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша), Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7.1.32-тармағының екінші абзацындағы "2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін" деген сөздер "2021 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 21 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 35-тармақтағы "2020 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанға дейін" деген сөздер "2021 жылғы 31 наурызды қоса алғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2019-nCoV коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға және алдын-алуға бағытталған шараларды іске асыруы мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарлардың тізбесінде:

      "Дизенфекциялау құралдарын шығару үшін пайдаланылатын тауарлар" деген тауар атауының позициясындағы ЕАЭО СЭҚ ТН "2905 12 000 0" коды алып тасталсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "3002-ден" деген коды бар позициядағы тауардың атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2019-nCoV коронавирус инфекциясына қарсы вакциналар";

      "3005-ден", "3808 94-ден" және "3822 00 000 0-ден" деген кодтары бар позициялар алып тасталсын;

      "қолғаптар және жеке медициналық қорғалуға арналған заттар шығару үшін пайдаланылатын тауарлар" деген тауар атауы бар позицияда:

      ЕАЭО СЭҚ ТН "3909 50 900 0-ден" деген код "ЕАЭО СЭҚ ТН "3909 50 900 9-ден" деген кодпен ауыстырылсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "5516 23 100 0-ден", "5603 11 900 0-ден", "5603 12 900 0-ден" және "5903-ден" деген кодтар алып тасталсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "3926-ден" және "4202 99 000 0-ден" деген кодтары бар позициялар алып тасталсын;

      "Қорғау киім-кешектері мен киім-кешек бұйымдары; қолғаптар" деген тауар атауы бар позицияда ЕАЭО СЭҚ ТН "6203-ден", "6204-ден", "6207-ден", "6208-ден", "6210-ден" және "6211-ден" деген кодтар алып тасталсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "6307 90-ден" деген коды бар тауар атауындағы "және маскалар" деген сөздер алып тасталсын;

      ЕАЭО СЭҚ ТН "6505 00 900 0-ден", "6506 10 100 0-ден" және "8418 40 200 8-ден" деген кодтары бар позициялар алып тасталсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
Э. Асрандиев

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады