Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары кабиналарының жекелеген түрлеріне қатысты осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 93 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 132-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставклары мөлшерінің тізбесінде коды ЕАЭО СЭҚ ТН 8707 90 900 1 позицияның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "– – – толық массасы 20 т асатын жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарын құрастыруға арналған кабиналар".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А. Новиков

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады