Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырыстар барысында қабылданған актілеріне қол қою механизмін жетілдіру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 9 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер қабылдау тәртібін айқындайтын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (Астана қаласында 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған) және Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламенті (Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген) талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.

      Мерзімі – тұрақты негізде.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мүдделі Үкіметтерімен бірлесіп:

      Кеңес отырысында Кеңес актілеріне қол қою бөлігінде Комиссия Кеңесіндегі Одаққа мүше мемлекет өкілінің өкілеттіктері мен мәртебесін беру мәселесін пысықтасын және қажет болған кезде тиісті ұлттық нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізсін;

      Комиссия Кеңесінің отырысын өткізу бағдарламасында қорытынды құжаттарға қол қою рәсімін, сондай-ақ Комиссияның жауапкершілігін міндетті айқындау бөлігінде отырыстар барысында қабылданған Еуразиялық экономикалық Кеңестің актілеріне қол қою механизмдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын.

      Мерзімі – 2020 жылғы 1 сәуірге дейін.

      3. Комиссия Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында осы Өкімнің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндасын.

      4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Э.Асрандиев А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады