Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесіне органикалық химиялық қосылыстардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 100 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 82с ескертпемен толықтырылсын:

      "82С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 100 шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2023 қоса алғандағы аралықта қолданылады.".

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде:

      а) коды ЕАЭО СЭҚ ТН 2921 42 000 0 позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"2921 42 000 1

– – – N-метиланилин

2921 42 000 9

– – – өзгелері";

      б) коды ЕАЭО СЭҚ ТН 2921 51 900 0 позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"2921 51 900 1

– – – – N-фенил-п-фенилендиамин

2921 51 900 9

– – – – өзгелері".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М. Григорян

Беларусь Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А. Новиков

Ресей Федерациясынан
А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 100 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосым. өл. бірл

2921 42 000 0

– – анилин туындылары және олардың тұздары

2921 51 900 0

– – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 100 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосым. өл. бірл
 

2921 42 000

– – анилин туындылары және олардың тұздары:


2921 42 000 1

– – – N-метиланилин

2921 42 000 9

– – – өзгелері

2921 51 900

– – – өзгелері:


2921 51 900 1

– – – – N-фенил-п-фенилендиамин

2921 51 900 9

– – – – өзгелері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 100 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құннан пайызбен не еуромен немесе АҚШ долларымен)

2921 42 000 1

– – – N-метиланилин

5

2921 42 000 9

– – – өзгелері

582С)

2921 51 900 1

– – – – N-фенил-п-фенилендиамин

582С)

2921 51 900 9

– – – – өзгелері

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады