Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 115 шешімі.

      Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 11-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 64-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И . Петришенко

Ә. Смайылов

А. Новиков

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2020 жылғы 23 қарашадағы
№ 115 шешіміне
ҚОСЫМША

Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін есептеу әдістемесіне және айыппұл салу тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-тармақтағы "және Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) айыппұлдар мөлшерін есептеу тәртібін айқындайды" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) айыппұлдар мөлшерін есептеу және оның салу тәртібін айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2-тармақтың екінші және бесінші абзацтарында:

      "ақшалай баламада" деген сөздер "ұлттық валютада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақшалай және (немесе) заттай нысанда" деген сөздер алып тасталсын.

      3. 3-тармақ "ұғымдар" деген сөзден кейін "да" деген сөзбен толықтырылсын.

      4. 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын::

      "Айыппұл мөлшерін есептеу кезінде құзыретіне трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексеру жүргізу және іс материалдарын дайындау кіретін Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті құрылымдық бөлімше) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарау аяқталған күнге Одаққа мүше тиісті мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бағам бойынша рубльмен түсімді қайта есептеуді жүргізеді. Комиссияның шешімі қабылданған күнге айыппұл мөлшері есептелген бағам өзгерген жағдайда, айыппұл мөлшерін түпкілікті есептеу Комиссияның шешімі қабылданған күнге Одаққа мүше тиісті мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.".

      5. 9-тармақтың бірінші абзацындағы "(ЖЖ)" деген белгіленім "(ЖМ)" деген белгілемемен ауыстырылсын.

      6. 11-тармақта:

      а) "г" тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте, егер екі және одан көп бұзушылық Хаттаманың 16-тармағының екі және одан көп тармақшаларында жауаптылық көзделген бір әрекет (әрекетсіздік) арқылы жасалса, айыппұл осындай әрекеттер (әрекетсіздік) үшін көзделген неғұрлым жоғары айыппұл санкциясының шегінде қолданылады.";

      б) "д" тармақша алып тасталсын.

      7. 16-тармақтағы "шешім" деген сөз "Комиссия шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 17-тармақта:

      а) бірінші абзацта:

      "шешім" деген сөз "Комиссия шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бұзушылық туралы істі қарау бойынша сұрау салуға байланысты" деген сөздер алып тасталсын;

      б) "а" тармақшадағы "Комиссияның тексеру жүргізу және бұзушылық туралы іс материалдарын дайындау құзыретіне кіретін және" алып тасталсын;

      в) "в" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "в) істі қарау жөніндегі комиссия Шарттың XVIII бөлімінде және Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін, оның ішінде Комиссияның талап етуі бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) бергені үшін айыппұл салу туралы Комиссия шешімінің жобасын дайындау кезінде айыппұл мөлшерін есептейді.".

      9. Мынадай мазмұндағы 171-тармақпен толықтырылсын:

      "171. Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды құқық бұзушылар аумағында құқық бұзушы тіркелген (тұрақты немесе уақытша тұратын) Одаққа мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен, Комиссия айыппұл салу туралы шешім қабылдаған күнге Одаққа мүше көрсетілген мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.

      Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды құқық бұзушылар айыппұл салу туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей толық мөлшерде төлейді. Айыппұл көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда, Комиссия осы Әдістеме мен тәртіптің 18-тармағына сәйкес осы шешімді мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдайды.".

      10. Көрсетілген Әдістеме мен тәртіпке № 1 қосымшадағы "Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар" деген бөлімде:

      а) бірінші бағандағы 1-позиция мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарау жөніндегі комиссия отырысының аяқталғаны туралы хабарланғанға дейін құқық бұзушы аталған комиссияға трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуының ерікті түрде тоқтатылғанын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілген мән-жай жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде танылады";

      б) 2-позицияда:

      екінші бағандағы "құқық бұзушы" деген сөздер "бірінші бағанда "трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарау жөніндегі комиссияға оның отырысының аяқталғаны туралы хабарланғанға дейін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, құқық бұзушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бағандағы "1" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;

      в) 3-позициядағы бірінші бағандағы "және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органына" деген сөздер алып тасталсын;

      г) 5-позициядағы бірінші бағандағы "зиянды" деген сөз "теріс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      д) мынадай мазмұндағы 9-позициямен толықтырылсын::

"9. Құқық бұзушының трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі тергеп-тексеру жүргізуге және қарауға Комиссияның жәрдемдесуінен көрінетін өзге де іс-әрекеттері

0,5".



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады