Экспортты дамытудың бірлескен шаралары туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 21 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық даму банкінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) үкіметтерінен:

      интеграциялық нәтижесі бар мәмілелер мен жобаларды қолдау мақсатында Еуразиялық даму банкі жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында қаржыландыру механизмін қалыптастырудың;

      интеграциялық нәтижесі бар мәмілелер мен жобаларды қолдау мақсатында Еуразиялық даму банкінің қатысуымен жүзеге асырылатын кредиттер (кредиттер бойынша пайыздық ставкалар бөлігіндегі өтеуді қоса) және өзге қаржыландыру құралдары бойынша бағдарламаларды түзетудің және (немесе) қабылдаудың орындылығы мен мүмкіндігін пысықтау сұралсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен және ұлттық экспорт-кредит агенттіктерімен бірлесіп, 2020 жылдың аяғына дейін экспортты қолдауды бірлесіп сақтандыру жүйесін қалыптастыру мақсатында экспорттық мәмілелерді қайта сақтандыру мен қоса сақтандыруды екіжақты жүзеге асыру тәжірибесін ескере отырып, Еуразиялық қайта сақтандыру пулын және (немесе) Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрудың орындылығы туралы мәселені пысықтастын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, 2020 жылдың аяғына дейін экспортты қолдаудың қаржылық емес бірлескен шараларын мүше мемлекеттерде өндірілген өнім экспортын қолдау үшін мүше мемлекеттерде құрылған ақпараттық ресурстарды сыртқы нарықтарға пайдалану бөлігінде қолдану мүмкіндігі және осындай ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібі туралы мәселені пысықтасын.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 
 
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады