Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 017/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 168 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 180 Шешімімен бекітілген Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 017/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу ережелерін қоса алғанда, зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде, 3-графадағы 326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "МР № 29 ФЦ/2688-03 "Ірі қара малдың ұрығын тест-объект ретінде пайдалана отырып, суда еритін компоненттер бойынша ауа сынамаларының уыттылығын бағалаудың экспресс-әдісі".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады