Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 97 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті туралы" № 45 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 2-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

      б) көрсетілген Шешіммен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 044/2017) № 1 қосымшаның 1-позициясында 3-графадағы ">60,0" цифрлары ">100,0" цифрларымен, 4-графадағы "≤ 60,0" цифрлары "≤ 100,0" цифрларымен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М.Григорян

Беларусь Республикасынан
И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә.Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А.Жапаров

Ресей Федерациясынан
А.Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады