Жемістерді қайта өңдеудің жекелеген өнімдеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және баждардың осындай ставкалары мөлшерлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазанадағы № 125 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 30 900 1 кодымен сыныпталатын жемістерді қайта өңдеудің жекелеген өнімдеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында, кедендік құнының 5,5 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) төртінші бағандағы ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 30 900 1 коды бар позиция ескертпеге "40С)" деген сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 40С ескертпемен толықтырылсын:

      "40С) Кедендік құнның 5,5% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 125 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2024 аралығында қолданылады.".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар және осындай баж ставкаларының тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2008 30 900 1 коды бар позиция үшінші бағанда "13" деген сілтеме белгісімен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 13 сілтемемен толықтырылсын:

      "13 Кедендік әкелу бажының ставкасы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.".

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді, бірақ 2022 жылғы 2 қаңтардан ерте емес.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

В. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады