Кеден одағы Комиссиясының ақ қантқа және құрақ шикі қантына қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 140 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.37-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.37. ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек ішкі нарықта өткізуге немесе құрамында қант бар өнімді өндіруге арналған, Армения Республикасының уәкілетті органы берген және тауардың саны мен осындай тауарды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын, әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау кеден органдарына ұсынылған кезде Армения Республикасына 60 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін ақ қант.

      ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 99 100 кодымен сыныпталатын және тек ішкі нарықта сатуға немесе құрамында қант бар өнімдерді өндіруге арналған және ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы, өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ шикі қанты, Беларусь Республикасына 100 мың тоннадан аспайтын, Қазақстан Республикасына 250 мың тоннадан аспайтын, Қырғыз Республикасына 70 мың тоннадан аспайтын және Ресей Федерациясына 300 мың тоннадан аспайтын жиынтық көлемде әкелінетін, тиісінше Беларусь Республикасының уәкілетті органы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органы, Қырғыз Республикасының уәкілетті органы және Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органы берген және тауардың саны және осындай тауарды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын, әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растау кеден органдарына ұсынылған кезде ақ қант. Бұл ретте Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы осы абзацта белгіленген қант әкелудің жиынтық көлемінің шеңберінде құрақ шикі қантын әкелу көлемін есептеу кезінде мынадай формуланы қолданады:

      V = V1 × 0,98,

      мұнда:

      V – қант әкелудің белгіленген жиынтық көлемі шеңберінде құрақ шикі қантын әкелу көлемі;

      V1 – құрақ қантын Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына немесе Ресей Федерациясына әкелудің нақты көлемі;

      0,98 – түзету коэффициенті.

      Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінетін қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік береді.

      Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік өздеріне қатысты тауарларға арналған декларация ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 140 шешімі күшіне енген күннен бастап 2022 жылғы 31 тамызды қоса алғанда, мүше мемлекеттің кеден органы тіркеген тауарларға қатысты беріледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.34" деген цифрлар "7.1.37" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, әлемдік және орташа келісімшарттық бағалар мен қант әкелудің нақты көлеміне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарығындағы өткізу көлеміне мониторингті жүзеге асырсын, жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы 2022 жылғы наурыз – сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында баяндасын. және қант нарығындағы жағдайды ескере отырып, тарифтік жеңілдік түрін өзгерту туралы ұсыныстар берсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

А. Смайылов

А. Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады