Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2021 – 2022 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 16 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 – 2022 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары туралы" 2021 жылғы 21 мамырдағы № 9 шешімін орындау мақсатында:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2021 – 2022 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде тізбеде көзделген іс-шараларды мүше мемлекеттердің құзыретіне жатқызылған бөлігінде ескеру және Еуразиялық экономикалық комиссияға олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беру сұралсын.

      3.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2021 – 2022 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған іс-қимылдарға талдау жүргізсін және Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне жатқызылған бөлігінде тізбеде көзделген іс-шараларды орындауды үйлестірсін.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

А. Смайылов

А. Жапаров

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 16 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2021 – 2022 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ТІЗБЕСІ

Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған іс-қимылдар

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы үшін ұсынылатын іс-шаралар

Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар

Күтілетін экономикалық нәтиже

1-бағыт. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру және инвестициялар көлемін ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру

1.1. Тиімді ақша-кредит саясатын іске асыру жолымен баға тұрақтылығын қолдау
 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) инфляцияны нысаналы бағдарлар шегінде ұстап тұру мақсатында тиісті ақша – кредит саясатын жүргізуі, бұл ұзақ мерзімді экономикалық өсуге ықпал ететін болады ұлттық деңгейде бағалардың өсуін тежеуге, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалардың мониторингі мен талдау жүйесін дамыту және ден қою шараларын қабылдаудың жеделдігін арттыру негізінде шаралар қабылдау мүше мемлекеттердің ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін арттыру Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) консультациялар өткізу және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндері асып кеткен жағдайда қажет болған кезде Комиссияның ұсынымдарын есепке алу

Шарттың 63-бабында белгіленген, мүше мемлекеттердегі экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндеріне мониторинг жүргізу Шарттың 63-бабында белгіленген экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің сандық мәндері асып кеткен жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен консультациялар жүргізу және ұсынымдар әзірлеу
 
 

жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты шеңберінде инфляция бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу
ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

1.2. Мүше мемлекеттерде капитал нарығын дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ интеграциялық әлеуеті бар, оның ішінде қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және (немесе) кеңейтуге бағытталған кооперациялық жобаларды даму институттарының қаржыландыру тетіктерін жетілдіру

мүше мемлекеттерде капитал нарығын дамытуға, оның ішінде өндірістік инвестицияларды қаржыландырудың жаңа құралдары мен тетіктерін енгізу және қолданылатын құралдар мен тетіктерді кеңейту есебінен дамытуға бағытталған шараларды ұлттық деңгейде қабылдау Еуразиялық даму банкін (бұдан әрі – ЕАДБ) және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын (бұдан әрі – ЕТДҚ) қоса алғанда, даму институттарының, сондай-ақ инвестициялар тартуға ықпал ететін ұйымдардың, оның ішінде кооперациялық жобалардың және интеграциялық әлеуеті бар жобалардың басымдығын ескере отырып, инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту бірлескен кооперациялық жобаларды басқарудың тиімді жүйесін құру және Одақтың бірлескен жобаларын әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережені дайындау шеңберінде оларды қаржыландыру жөнінде ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау
Еуразиялық экономикалық одақты дамыту және қолдау институтын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде қазіргі даму институттарының әлеуетін пайдалана отырып, кооперациялық жобаларды қаржыландырудың ықтимал тетіктерін пысықтау

интеграциялық әлеуеті бар жобаларды, оның ішінде қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және (немесе) кеңейтуге бағытталған кооперациялық жобаларды қаржыландыру
 

1.3. Одақ шеңберінде кооперациялық жобаларды іске асыру мақсатында ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін кеңейту үшін қаржы нарығының тетіктерін дамыту

мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарындағы ұзақ мерзімді ресурстардың қолжетімділігін арттыру мақсатында олардың ұсыныстарын ұлғайтуды ынталандыру мүше мемлекеттердің облигацияларын орналастыру есебінен қор нарығында саудаланатын құралдар тізбесін кеңейту мүше мемлекеттердің ұйымдастырылған валюта нарықтарында ұлттық валюталарда саудаланатын валюта жұптарының тізбесін кеңейту үшін жағдайлар жасау шетелдік юрисдикциялардан ақша қаражатын қайтару үшін ынталандыру жасауды және компаниялардың орналасқан жері бойынша салық төлеуін қоса алғанда, экономиканы деофшоризациялау жөнінде шаралар қабылдау ("резиденттік қағидаты") мүше мемлекеттерде қаржы нарығының инфрақұрылымын, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу негізінде дамыту

мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау Одақ шеңберінде кооперациялық жобаларды іске асыру мақсатында мүше мемлекеттерде ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстардың ішкі көздерін кеңейтуге бағытталған шаралар бойынша ұсыныстар (ұсынымдар) дайындау

ұзақ мерзімді қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру ұзақ мерзімді өзара инвестициялар көлемінің өсуі үшін жағдайлар жасау
 
 

1.4. Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету

трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Одақ құқығын кезең-кезеңімен жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау
Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау

Одақ құқығына кіретін актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі актілер жобаларын дайындау және трансшекаралық нарықтарда, оның ішінде Комиссияның құқық қолдану практикасын ескере отырып, бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Одақ құқығын кезең-кезеңімен жетілдіру жөніндегі жұмысты үйлестіру Одақтың құқығына және құқық қолдану қызметіне енгізу мақсатында бәсекелестік саласындағы озық халықаралық тәжірибені зерделеу, сондай-ақ тараптар тарапынан бәсекелестік саласындағы сарапшылық шолу жүргізу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Одақ нарықтарында бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамтитын Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау

құқық қолдану практикасы мен үрдістерін ескере отырып, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі тетіктер мен құралдарды жетілдіру
монополияға қарсы реттеуді дамыту

1.5. Денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заманғы жетістіктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, телемедицина технологияларын пайдалану, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту

мүше мемлекеттердің азаматтары үшін денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заманғы жетістіктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету және телемедицина технологияларын пайдалану бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар дайындау денсаулық сақтау саласындағы, ең алдымен, инфекциялық аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерді енгізу саласындағы бірлескен бастамалар мен кооперациялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу

мүше мемлекеттердің азаматтары үшін денсаулық сақтау саласындағы қазіргі заманғы жетістіктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету және телемедицина технологияларын пайдалану бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар бағдарламасының жобасын әзірлеу денсаулық сақтау саласындағы, ең алдымен, инфекциялық аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық әзірлемелерді енгізу саласындағы бірлескен бастамалар мен кооперациялық жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу

денсаулық сақтау, телемедицина технологиялары, жоғары технологиялық медициналық көмек саласындағы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру денсаулық сақтау саласындағы кооперацияны дамыту
 

1.6. Халықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жәрдемдесу

агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер мен жобаларды әзірлеу және іске асыру
жеміс шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы саласында өндірістік кооперацияны дамыту үшін жағдайлар қалыптастыру
агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамыту
Одақта негізгі ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларын өндіру және тұтыну теңгерімдерін қалыптастыруға қатысу

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер мен жобаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен бірлесіп Одақ шеңберінде тұрақты жеміс-жидек пен көкөніс шаруашылығын қолдау және дамыту жөніндегі баяндаманы дайындау үшінші елдердің нарықтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру
Одақта негізгі ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларын өндіру және тұтыну теңгерімдерін қалыптастыру

қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайту
агроөнеркәсіптік өндіріс саласында кооперацияны дамыту және өзара сауда көлемін арттыру
агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының көлемін арттыру Одақтың ортақ аграрлық нарығын теңгерімді дамыту

1.7. Одақ шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығы мен біліктілігін одан әрі арттыру

жекелеген салалардағы білім туралы құжаттарды мүше мемлекеттерде берілген тану рәсімін жұмысқа орналастырушы мемлекетте өту қажеттілігі бөлігінде Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды жою бойынша ұсыныстарды пысықтауға қатысу
 

мүше мемлекеттермен жекелеген салалардағы білім туралы құжаттарды мүше мемлекеттерде берілген тану рәсімін жұмысқа орналастыру мемлекетінде өту қажеттілігі бөлігінде Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды жою жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

Одақ шеңберінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау

1.8. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 20 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ Қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес, оның ішінде ұлттық валюталардағы есеп айырысуларға көшуді ынталандыру мақсатында Одақтың ортақ төлем кеңістігін дамыту

мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері құрған ұлттық төлем жүйелерін дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының қызметі шеңберінде қазіргі заманғы қаржы технологияларын пайдалана отырып, ортақ төлем кеңістігін дамыту
Одақ шеңберінде өзара сауданы жүзеге асыру кезінде есеп айырысуларды долларсыздандыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ұлттық валюталарда есеп айырысуларға одан әрі көшуді жандандыру және есеп айырысуларда, оның ішінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобы қызметінің шеңберінде үшінші елдердің валюталарын пайдалануды азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Одақ шеңберінде өзара сауданы жүзеге асыру кезінде есеп айырысуларды долларсыздандыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ұлттық валюталарда есеп айырысуларға одан әрі көшуді жандандыру және есеп айырысуларда, оның ішінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобы қызметінің шеңберінде үшінші елдердің валюталарын пайдалануды азайту жөніндегі ұсыныстарды қарау және пысықтау

қызметтердің қолжетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін және сенімділігін арттыру, шығындарды азайту, қаржы саласындағы интеграциялық процестерге жәрдемдесу мүше мемлекеттер арасындағы есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесін арттыруға ұмтылу

2-бағыт. Мүше мемлекеттердің өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістік кооперацияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

2.1. Кооперацияны және бірлесіп дайындалатын өнім өндірісін кредиттеу тетіктері туралы ұсыныстарды дайындау және қабылдау

инвестициялық кредиттеуді кеңейтуге, даму институттарының қаражатын тартуға, мамандандырылған инвестициялық келісімшарттар мен көпжақты нысаналы келісімдер жасасуға негізделген кооперацияны Кредиттеу және бірлесіп дайындалатын өнімді өндіру тетіктері туралы ұсыныстар дайындау кооперацияны дамыту және өнімді бірлесіп өндіру жөніндегі жобаларды, оның ішінде халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, қолдау тетіктерін пысықтауға қатысу

инвестициялық кредиттеуді кеңейтуге, даму институттарының қаражатын тартуға, мамандандырылған инвестициялық келісімшарттар мен көпжақты нысаналы келісімдер жасасуға негізделген кооперацияны Кредиттеу және бірлесіп әзірленетін өнім өндіру тетіктері туралы ұсынымдар жобасын әзірлеу кооперацияны дамыту және өнімді бірлесіп өндіру жөніндегі жобаларды, оның ішінде халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, қолдау тетіктерін пысықтау

мүше мемлекеттердің кәсіпорындары бірлесіп дайындайтын өнімдер кооперациясы мен өндірісін кредиттеу тетіктерін дамыту
кооперацияны дамыту және өнімді бірлесіп өндіру жөніндегі жобаларды қолдау тетіктерін кеңейту

2.2. Өндірістік кооперацияны жандандыру үшін институционалдық және құқықтық жағдайларды жақсарту




2.2.1. Одақтың бірлескен жобаларын әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережені дайындау және келісу

Одақтың бірлескен жобаларын әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ереженің жобасына ұсыныстар енгізу және келісу

Одақтың бірлескен жобаларын әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ережені әзірлеу және жобаны келісуге енгізу
 

Одақтың бірлескен жобаларын іске асыру үшін құқықтық негіз қалыптастыру

2.2.2. Еуразиялық технологиялық платформалардың ұсыныстары негізінде технологиялық дамуды жеделдетуге бағытталған Еуразиялық мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 4 шешімімен мақұлданған "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жерді қашықтықтан зондтау деректерінің ұлттық көздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді өндіру және ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі" мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру мүше мемлекеттерде өнеркәсіп және бөлінген энергетика объектілері жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаның жобасын әзірлеу мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ жаңа Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі құжаттарды әзірлеу жөніндегі бастамашылық ұсыныстарды қарау

мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды бекіту және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ жаңа Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі құжаттарды әзірлеу жөніндегі бастамашыл ұсыныстарды қарауды ұйымдастыру

Одақ шеңберінде экономиканың жоғары технологиялық секторларында өндірістік кооперацияны дамыту

2.2.3. Еуразиялық интеграцияның нышандары болуға қабілетті бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәсілдерін пысықтау

еуразиялық интеграцияның нышандары болуға қабілетті бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобалардың тізбесі жөнінде ұсыныстар дайындау Одақ аумағында табысты жоғары технологиялық жобаларды тираждау

еуразиялық интеграцияның нышандары болуға қабілетті бірлескен ауқымды жоғары технологиялық жобалардың тізбесін дайындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру табысты жоғары технологиялық жобаларды талдау және оларды Одақ аумағында тираждауға жәрдемдесу

іске асыру бағыттарында өндірістік кооперацияны дамыту жоғары технологиялық жобалар экономиканың жоғары технологиялық салаларында өндіріс көлемін арттыру

2.3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері бойынша дауларды қарау үшін Одақ шеңберінде халықаралық төрелік құру бастамасын пысықтау

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініші бойынша дауларды қарау бойынша Одақ шеңберінде халықаралық төрелік құру мәселесі бойынша баяндамаға ұсыныстар дайындау

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініші бойынша дауларды қарау бойынша Одақ шеңберінде халықаралық төрелік құру мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау

Одақта инвестициялық ахуалды жақсарту

3-бағыт. Одақтың ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін дамыту

3.1. Мүше мемлекеттерді іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы жоспарлар туралы өзара хабардар ету тәртібін әзірлеу

мүше мемлекеттерді іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы жоспарлар туралы өзара хабардар ету тәртібі жөнінде ұсыныстар дайындау және оны келісу
 

мүше мемлекеттерді іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы жоспарлар туралы өзара хабардар ету тәртібінің жобасын дайындау және оны мүше мемлекеттермен келісу

мүше мемлекеттердің іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы ақпараттық ынтымақтастығын тереңдету

3.2. Негіздемелік сипаты бар Одақтың ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық бағдарламасын әзірлеу

негіздемелік сипаты бар Одақты ғылыми-техникалық дамытудың стратегиялық бағдарламасының жобасы бойынша ұсыныстар дайындау және оны келісу

негіздемелік сипаты бар Одақтың ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық бағдарламасының жобасын дайындау және келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық даму саласындағы тәсілдерін жақындастыру
 

3.3. Өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен зерттеулер мен инновациялық жобаларды ұйымдастыру критерийлерін айқындау

өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен зерттеулер мен инновациялық жобаларды ұйымдастыру өлшемдерінің жобасы бойынша ұсыныстар дайындау

мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде өзара мүдделілік білдірілген салаларда бірлескен зерттеулер мен инновациялық жобаларды ұйымдастыру өлшемшарттарының жобасын дайындау

бірлескен жобаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау

3.4. Мүше мемлекеттердің энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылына тәсілдерді әзірлеу

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 10 өкіміне сәйкес құрылған жоғары деңгейдегі жұмыс тобының Климаттық күн тәртібі шеңберінде мүше мемлекеттердің позицияларын жақындастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында тәжірибе және үздік практикалармен алмасу

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 10 өкіміне сәйкес құрылған жоғары деңгейдегі жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру мүше мемлекеттердің энергия үнемдеу, энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылының мониторингі

мүше мемлекеттерде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру
 

4-бағыт. Одақтың ішкі нарығының және үшінші елдермен өзара тиімді қатынастардың мүмкіндіктерін кеңейту

4.1. Қолданыстағы даму институттары пайдаланатын қаржыландыру құралдарын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мүше мемлекеттер өңірлерінің қуып жететін экономикаларын дамыту үшін негізделген нысаналы қаржыландыру тетіктері мен бағдарламаларын әзірлеу

қолда бар әлеуетті пайдалана отырып, қолданыстағы даму институттары қолданатын қаржыландыру құралдарын кеңейту жөніндегі ұсыныстарды қарау және оларды Еуразиялық экономикалық одақты дамыту және қолдау институтын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде талқылау

қолданыстағы даму институттары пайдаланатын қаржыландыру құралдарын кеңейту бойынша ұсыныстар дайындау және Еуразиялық экономикалық одақты дамыту және қолдау институтын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде оларды талқылауды ұйымдастыру

жұмыс істеп тұрған даму институттары шеңберінде мүше мемлекеттер өңірлерінің қуып жететін экономикаларын дамыту үшін қаржыландыру құралдарын кеңейту

4.2. Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын, оның ішінде базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдары нарықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ мүше мемлекеттер биржалық сауда-саттықта оларды өткізу уағдаластығына қол жеткізген тауарлардың биржалық сауда-саттығын дамыту бағдарламасына оған іс-шараларды, оның ішінде бағалардың биржалық және биржадан тыс индикаторларын қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған іс-шараларды қоса отырып дамыту

мүше мемлекеттердің биржалық тауар нарықтарының жай-күйі туралы шолуды дайындауға қатысу Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қатысу
Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын, оның ішінде базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдары нарықтарын, мүше мемлекеттер оларды биржалық сауда-саттықта өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізген биржалық тауарлар тізбесін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарды, сондай-ақ биржалық және биржадан тыс баға индикаторларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау және қарау

мүше мемлекеттердің биржалық тауар нарықтарының жай-күйі туралы шолуды дайындау Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру және оның қызметін ұйымдастыру Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын, оның ішінде базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдары нарықтарын, мүше мемлекеттер оларды биржалық сауда-саттықта өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізген биржалық тауарлар тізбесін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарды, сондай-ақ биржалық және биржадан тыс баға индикаторларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау және қарауды ұйымдастыру

мүше мемлекеттердің тауар нарықтарында баға белгілеудің ашық тетіктерін қалыптастыру
мүше мемлекеттердің нарықтарындағы биржалық тауарлардың бағаларын теңестіру

4.3. Кедергілерді жою, алып қоюлар мен шектеулерді қысқарту, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығында жаңа кедергілердің туындауына жол бермеу

Комиссияға Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін тосқауылдардың, алып қоюлардың және шектеулердің болуы туралы ақпаратты, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін анықталған тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігі туралы ақпаратты жіберу

Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін тосқауылдардың, алып қоюлардың және шектеулердің болуын анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін анықталған тосқауылдарды, алып қоюлар мен шектеулерді жою мүмкіндігін айқындау

мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау бір мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басқа мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуін оңайлату

4.4. Энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Одақ органдары актілерінің жобаларын және халықаралық шарттарды әзірлеуге қатысу, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде мүше мемлекеттердің Одақтың газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы нормативтік құқықтық актілерін қабылдау
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Одақ органдары актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, 2019 жылғы 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде Одақ органдары актілерінің жобаларын және Одақтың газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарттарын әзірлеу
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 31 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Одақ органдары актілерінің жобаларын әзірлеу

Одақтағы энергетикалық ресурстар нарықтарының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру
мүше мемлекеттерде энергетикалық ресурстарды тұтынушылардың шығасыларын азайту энергия ресурстарының жалпы нарықтарында баға белгілеудің нарықтық тетіктеріне көшу энергия ресурстары өзара саудасының өсуі энергия ресурстарының өзара саудасы кезінде бәсекелестік деңгейін арттыру

4.5. Транзиттік әлеуетті тиімді пайдалануға, көлік инфрақұрылымының дамуын үйлестіруге, контейнерлік және аралас тасымалдарды дамытуға, Еуразиялық көлік дәліздерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру
 

мүше мемлекеттердің аумақтарында "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік – Оңтүстік" бағыттарында, оның ішінде одақты дамыту жоспарлары мен "Бір белдеу – бір жол" қытай бастамасын ұштастыру шеңберінде көлік инфрақұрылымын үйлестіре дамыту
тиісті тізбеге енгізу үшін Еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттарын айқындау

Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік – Оңтүстік" бағыттарында, оның ішінде Одақтағы тауар ағындарының қозғалысын қамтамасыз ету және мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы транзитпен қамтамасыз ету мақсатында одақты дамыту жоспарлары мен "Бір белдеу – бір жол" қытай бастамасын ұштастыру шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру және мониторингтеу еуразиялық көлік дәліздері мен бағыттарының тізбесін бекіту ғылыми-технологиялық консорциумдарды құру тетіктері бойынша ұсынымдар жобаларын әзірлеу және келісуге енгізу

жүк айналымының, жолаушылар айналымының, жүк және жолаушылар тасымалы көлемінің өсуі

4.6. Бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ғылыми-технологиялық консорциумдар құру тетіктерін айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу
 

ғылыми-технологиялық консорциумдарды құру тетіктері бойынша ұсынымдар жобаларын келісу

ғылыми-технологиялық консорциумдарды құру тетіктері бойынша ұсынымдар жобаларын әзірлеу және келісуге енгізу

бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бөлігінде өндірістік кооперацияны дамыту

4.7. Мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы саудасын ынталандыру үшін азық-түліктің көтерме-тарату орталықтарын қалыптастыру мәселесін пысықтау

азық-түліктің көтерме-тарату орталықтарын қалыптастыруды қоса алғанда, Одақтың тауар бөлу желісін дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау

азық-түліктің көтерме-тарату орталықтарын қалыптастыруды қоса алғанда, Одақтың тауар бөлу желісін дамыту жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен даму институттарының өкілдерімен консультациялар ұйымдастыру және өткізу

азық-түліктің өзара және сыртқы саудасын ынталандыру Одақтың ортақ нарығын мүше мемлекеттерде өндірілетін азық-түлік тауарларымен толықтыру маусымдық төмендету азық-түлік бағасының ауытқуы

4.8. Тауарлармен электрондық сауданы дамыту

Одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") жобасын әзірлеуге қатысу мүше мемлекеттер мен үшінші елдер арасында электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар дайындау

Одақ шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету және оны Одақ органдарының бекітуіне енгізу
 

мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы сауда көлемдерін ұлғайту мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы саудасындағы сауда операцияларының ашықтығын арттыру

4.9. Мүше мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Комиссияға мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру процесінің барлық кезеңдерін цифрландыру деңгейі және мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылы туралы ақпарат беруі мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Комиссияға толыққанды цифрландыру өлшемшарттары бойынша ұсыныстар беруі (шаралар кешенін әзірлегенге дейін) мүше мемлекеттердегі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды толық цифрландыру жөніндегі шаралар кешенін дайындауға қатысу толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру мүше мемлекеттердегі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу

мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан ақпарат жинау және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру және мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл процесінің барлық кезеңдерін цифрландыру деңгейі туралы тиісті баяндама дайындау мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін, мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерінің мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларының ақпараттық жүйелерімен интеграциясын талдау мүше мемлекеттердің уәкілетті және мүдделі органдарымен бірлесіп, мүше мемлекеттердегі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар кешенін дайындауды, оның ішінде мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде толыққанды цифрландырудың жалпы өлшемдерін (шаралар кешенін әзірлегенге дейін) әзірлеуді қамтамасыз ету дайындалған шаралар кешенін Комиссия Алқасының бекітуіне енгізу мүше мемлекеттердегі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды толық цифрландыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру мониторингі

мүше мемлекеттердегі мемлекеттік (муниципалдық) сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру

4.10. Кредиттік, сақтандыру және қаржылық емес шараларды қоса алғанда, ЕАДБ-ның қатысуымен іске асырылатын экспортты қолдаудың бірлескен шараларын қолдану мүмкіндігін пысықтау

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Экспортты дамытудың бірлескен шаралары туралы" 2020 жылғы 9 қазандағы № 21 өкімін іске асыру мүше мемлекеттердің өздерінің шетелдік экспорттық инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және пайдалану практикасын кеңейту мүше мемлекеттер компанияларының өнімдерін ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге және үшінші елдер нарықтарына ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды іске асыру

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Экспортты дамытудың бірлескен шаралары туралы" 2020 жылғы 9 қазандағы № 21 өкімін іске асыру мүше мемлекеттердің өздерінің шетелдік экспорттық инфрақұрылымын бірлесіп дамыту және пайдалану практикасын кеңейту бойынша, сондай-ақ мүше мемлекеттер компанияларының өнімдерін ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге және үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетуге бағытталған бірлескен іс-шараларды іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеу

өзара және сыртқы сауда көлемдерін ұлғайту, сондай-ақ мүше мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыру мүше мемлекеттердің үшінші елдерге экспортының көлемін ұлғайту
мүше мемлекеттер тауарларының күш-жігері мен ресурстарын біріктіру арқылы үшінші елдердің нарықтарына қол жеткізуіне қолайлы жағдайлар жасау

4.11. Одақты "Бір белдеу – бір жол" қытай бастамасымен ұштастыру арқылы үлкен Еуразиялық әріптестіктің интеграциялық контурын қалыптастыру орталықтарының бірі ретінде позициялау, сондай-ақ үшінші елдермен, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен өзара тиімді қатынастарды дамыту

Одақтың "бір белдеу-бір жол" қытай бастамасымен ұштасатын тәсілдемелерін үйлестірудің тұрақты жұмыс істейтін тетігін құру жөнінде ұсыныстар дайындау
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы шешімдеріне сәйкес Одақ пен оған мүше мемлекеттердің Израиль мемлекетімен, Египет Араб Республикасымен, Үндістан Республикасымен және Иран Ислам Республикасымен сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздерге қатысу Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес тиісті шешімдер қабылдаған жағдайда Одақ пен оған мүше мемлекеттердің Моңғолиямен, Индонезия Республикасымен және Одақтың басқа да сауда әріптестерімен сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздерге қатысу үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстар дайындау үшінші елдермен, өңірлік экономикалық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау

2018 жылғы 17 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда – экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен Комиссияның Еуразиялық бөлігі шеңберінде Одақтың "бір белдеу-бір жол" бастамасын ұштастыруға тәсілдемелерін талдамалық қолдауды және үйлестіруді жүзеге асыру Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы шешімдеріне сәйкес Одақ пен оған мүше мемлекеттердің Израиль мемлекетімен, Египет Араб Республикасымен, Үндістан Республикасымен және Иран Ислам Республикасымен сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес тиісті шешімдер қабылдаған жағдайда Одақ пен оған мүше мемлекеттердің Моңғолиямен, Индонезия Республикасымен және Одақтың басқа да сауда әріптестерімен сауда келісімдерін жасасу туралы келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу
Комиссияның алаңында Одақтың сауда әріптес елдерінің және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы ұсыныстарын қарауды қамтамасыз ету үшінші елдермен, өңірлік экономикалық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту

Одақтың сауда және инвестициялық ынтымақтастығын және оның мүше мемлекеттердің Одақтың сауда әріптес елдерімен мүше мемлекеттер тауарларының үшінші елдердің нарықтарына қол жеткізу шарттарын оңайлату өзара мүддені білдіретін сауда-экономикалық бағыттар бойынша Комиссия мен мүше мемлекеттердің шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын жандандыру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады