Климаттық күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің позиицияларын жақындату бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобын қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 10 Өкімі

      Климат тақырыптамасы, төмен көміртек бойынша диалогты дамыту, сондай-ақ климаттық деректер банкін қалыптастыру мен цифрлық бастамалар мәселесін пысықтау мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия климаттық күн тәртібі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің позиицияларын жақындату бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрсын және оның жұмыс қорытындылары туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында баяндасын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық даму банкінің Цифрлық бастамалар қоры басшылығын жұмыс тобының жұмысына қатысуға шақыра отырып, жұмыс тобының құрамына кіргізу үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті және мүдделі органдары басшыларының орынбасарлары деңгейіндегі кандидатуралар бойынша ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияға берсін.

      3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады