Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 4 қазандағы № 12 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
экономикалық кеңестің
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 12 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1.  Көрсетілген регламентке № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 159-165-тармақтармен толықтырылсын:

      "159. Тауарларды және (немесе) тауарлардың санаттарын, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалауға жатпайтын жағдайларды және (немесе) шарттарды айқындау.

      160. 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің (бұдан әрі – Навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім) 3-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тасымалданатын қадағалау объектілерін айқындау.

      161. Оларды шешу кезінде Навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің ережелері қолданылуы мүмкін өзге де міндеттерді айқындау.

      162. Навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 7-бабы 4-тармағының үшінші абзацына сәйкес электрондық құжаттардан және (немесе) өзге де құжаттардан алынған мәліметтердің құрамын айқындау.

      163. Нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде қолдану мақсаттары мен көлік түріне қарай навигациялық пломба қамтуы тиіс өзге де электрондық құжаттарды (мәліметтерді) айқындау.

      164. Навигациялық пломбада қамтылған ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын айқындау.

      165. Мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдарды қадағалау үшін қолданылатын навигациялық пломбаларға қойылатын талаптарды айқындау.".

      2. Көрсетілген регламентке № 2 қосымша мынадай мазмұндағы 46-49-тармақтармен толықтырылсын:

      "46. Қадағалау объектісін навигациялық пломбалардың қажетті санымен қамтамасыз етуге жауапты адамдарды айқындау.

      47. Одақтың кедендік аумағында навигациялық пломбаларды салу және алу орындарын, навигациялық пломбаларды салатын (алатын) және осындай салу (алу) кезінде болатын адамдарды, Одақтың кедендік аумағында навигациялық пломбалар салу (алу) жөніндегі операцияларды және құжаттарды (мәліметтерді) беру тәртібін, осындай құжаттарды (мәліметтерді) сақтау тәртібін қоса алғанда, оларды жасау тәртібін, бұрын жазылған ақпаратты жою (өшіру) тәртібін, сондай-ақ бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көздеген жағдайларды айқындау.

      48. Егер мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өтетін тасымалдауды қадағалау үшін аумағында осындай тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттен өзге мүше мемлекеттің ұлттық операторының ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломба пайдаланылған жағдайда, бақылаушы органдар мен ұлттық операторлардың навигациялық пломбаны іске қосу және белсенділігін жою үшін қажетті іс-қимылдарын және оларды жасау тәртібін айқындау.

      49. Мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы жүру (тасымалдау) жолында туындаған штаттан тыс оқиғаларға жататын жағдайларды айқындау.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады